2023 жылында Жетісудан Алматыға: Жетісу ЖИТС Орталығында медицина қызметкерлері мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерімен бірлесіп көмек көрсету жұмыстарының өзекті бағыттары


2023 жылында Жетісудан Алматыға: Жетісу ЖИТС Орталығында медицина қызметкерлері мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерімен бірлесіп көмек көрсету жұмыстарының өзекті бағыттары

Алматы қаласы ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері 2024 жылғы 11 қаңтарда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, №72, № 11, №13 мекемелерінің және «№24 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК қызметкерлерінің қатысуымен өткен кеңесте 2023 жылы бірлесіп жасаған жұмыстың қорытындыларын жасады.

Кеңеске қатысушылар ҚАЖ мекемелерінде АИТВ жағдайларын тіркеудің төмендеу үрдісін атап өтті. Егер 2022 жылы АИТВ – мен ауыратын 25 адам анықталса, өткен жылы-23 адам анықталды. Мекемеішілік инфекциясы бар жағдайлар тіркелген жоқ. Осы бағытта белсенді ақпараттық жұмыс жүргізілген. Дәрігерлер үнемі дәрістер оқиды, қызметкерлер мен арнайы контингентке тренингтер өткізеді, АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға ақпараттық-білім беру материалдарын, мүше қаптарды таратады. Қатысушылар жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылады. Барлық адамдарға тестілік психоәлеуметтік кеңес беру алдында және одан кейін: түскен кезде, алты айдан кейін, босатылғанға дейін сотталғанның қалауы бойынша АИТВ-инфекциясының бар-жоғын тексеруді қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Соннымен бірге ЖИТС орталығын басқа өңірлерден келген, басқа өңірлерге кеткен және ауыстырылған АИТВ-мен өмір сүретін адамдар туралы уақтылы хабардар ету туралы келісті. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы