ЖИТС орталығының, Тері-венерологиялық диспансер мен Достық кабинеттерінің қызметкерлері 16 қаңтар күні 2023 жылы бірлесіп атқарған жұмыстың қорытындыларын талқылады.


ЖИТС орталығының, Тері-венерологиялық диспансер мен Достық кабинеттерінің қызметкерлері 16 қаңтар күні 2023 жылы бірлесіп атқарған жұмыстың қорытындыларын талқылады.

ЖИТС орталығының қызметкерлері қатысушыларды АИТВ бойынша эпидемиялық ахуалмен және бірігіп атқарған жұмыстың нәтижелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Достық кабинеттерінің қызметіне қатысты қолданыстағы бұйрықтармен таныстырды.

Зиянды төмендету бағдарламасы бойынша қалада алты Достық кабинеті жұмыс жасайтыны туралы айтылды. Онда халықтың негізгі топтары, оның ішінде секс қызметшілері, еркектермен жыныстық қатынастағы еркектер жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға, АИТВ тексеріле алады, мүше қаптарды және кеңес ала алады. Достық кабинеттеріне келгендердің және ол жерде көмек алғандардың саны артып келеді. Қатысушылар АИТВ алдын алудың, оның ішінде байланысқа дейінгі алдын алудың тиімділігін арттыру мақсатында халықтың негізгі топтарының өкілдерін қамтуды ұлғайту қажеттілігі, сонымен бірге диагностиканың, кеңес берудің және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды емдеудің артықшылықтары туралы кеңінен жариялау, алдын алу жұмысын күшейту үшін ЖИТС орталығының шығу тобымен бірге секс қызметшілері шоғырланған жерлерге шығуларды жалғастыру туралы айтты. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы