ЖІТС Орталығының Жылдық Қорытындылары: Алматыда өткен жылдық жұмыстарды талқылау мен тәртіпке келтіру жолдарында ЖІТС көмек көрсетушілерінің жоспарлары мен мақсаттары


ЖІТС Орталығының Жылдық Қорытындылары: Алматыда өткен жылдық жұмыстарды талқылау мен тәртіпке келтіру жолдарында ЖІТС көмек көрсетушілерінің жоспарлары мен мақсаттары

Осы күндері Алматы қаласы ЖИТС орталығының қызметкерлері өткен жылғы жұмыстың қорытындыларын жасап, түрлі ведомстволармен бірігіп атқаратын жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша жоспарлар мен мақсаттарды талқылауда. 17 қаңтарда Қан ортылығынан келген әріптестерімен жұмыс кеңесін өткізді.

Басты назарда –қан және басқа биологиялық сұйықтықтар, органдар мен тіндер арқылы АИТВ берілуін алдын алу. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында ЖИТС орталығының қызметкерлері Қан орталығының медицина қызметкерлері үшін семинарлар өткізіп, әдістемелік көмек көрсетеді. Кеңеске қатысушылар клиникалық көрсеткіштерді және эпиданамнезді сапалы жинауды есепке ала отырып, донорларды іріктеп алу кезінде зертханаға дейінгі кезеңде донорлықтың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді талқылады. ЖИТС орталығының қызметкерлері әріптестерін Алматы қаласындағы АИТВ бойынша эпидемиялық ахуалмен, берілу жолдарының динамикасы мен АИТВ-ң таралу көрсеткіштерімен таныстырды. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы