АИТВ-на қарсы іс-қыймылдағы тиімді ынтымақтастыққа


АИТВ-на қарсы іс-қыймылдағы тиімді ынтымақтастыққа

Алматыда 14-15 ақпанда Алматы қаласының ЖИТС орталығының қызметкерлері мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың өзара іс-қимылын, әріптестігін нығайту жөніндегі диалог алаңына қатысты.

Мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері АИТВ - инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеудің, қызметтерді кеңейтудің, ақпараттық жұмысты күшейтудің өзекті мәселелерін талқылады. Талқылау назарында - ҮЕҰ базасында профилактикалық қызметтерді кеңейту мүмкіндіктері, үкіметтік емес ұйымдар мен халықтың негізгі топтарының профилактикалық орталықтарымен өзара іс-қимылындағы кедергілер, ҮЕҰ-ның байланысқа дейінгі профилактиканы танымал етуге қосқан үлесі. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу шеңберінде АИТВ бағдарламаларын қаржыландырудың тұрақты тетіктерін нығайту тақырыбы ерекше пікірталас тудырды. Қатысушылар тестілеумен қамтуды кеңейту бойынша тиімді онлайн-құралдардың бірі Алматы қаласының ЖИТС орталығымен ынтымақтастықта ICAP енгізген өзін-өзі тестілеуге арналған тесттерге тапсырыс беру сервисі екенін атап өтті. Жұмыстың басқа да көптеген қызықты және пайдалы түрлері енгізілуде.
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы