Алматының арнайы мекемелерінде ұсталатын адамдардың АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін 5 наурызда өткен дөңгелек үстелге қатысушылар талқылады.


Алматының арнайы мекемелерінде ұсталатын адамдардың АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін 5 наурызда өткен дөңгелек үстелге қатысушылар талқылады.

Қатысушылар арасында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, ҚТЖ департаментінің, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының, №24 Қалалық емхананың өкілдері, № 11,13,72 мекеме басшылары болды.

Қатысушылар Алматыда және арнайы мекемелерде АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайымен және даму үрдістерімен танысты. АИТВ бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру үшін сотталғандарды, жеке құрамды және медицина қызметкерлерін оқыту жүргізілетіні атап өтілді. Тұрақты негізде АИТВ-на тестілеу ұйымдастырылған. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар антиретровирустық терапияны жеке схема бойынша алады, қажетті тексерулерден өтеді. Жиналғандар АИТВ - инфекциясы бойынша профилактикалық жұмысты күшейту және АИТВ-на тестілеу мен биоматериал алу сапасын бақылау жөніндегі шаралар кешенін белгіледі.
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы