Қала стационарларында АИТВ алдын алу


Қала стационарларында АИТВ алдын алу

29 наурыз күні ЖИТС алдын алу ж»не оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері Тері-венерологиялық диспансердің медицина қызметкерлеріне қала стационарларында АИТВ алдын алу туралы айтты.

Семинарға қатысушылар медициналық ұйымда АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмысын ұйымдастыру үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы ҚДСБ-ның негізгі регламенттеуші құжаттарымен танысты. АИТВ-инфекциясының диагностикасы қалай жүргізіледі, жедел тестілеу дегеніміз не, ИФА, иммуноблот туралы ЖИТС орталығының мамандары егжей-тегжейлі айтып берді. Көптеген сұрақтар тудырған тағы бір маңызды тақырып ол аурудың серологиялық кезеңі болды. Бұл адам ауырып қалған, бірақ АИТВ-ға қарсы денелерге қан талдауы теріс нәтиже беретін кезең. Алайда, вирустың қандағы концентрациясы оны басқа адамдарға жұқтыру үшін жеткілікті болады. Көптеген науқастарда антиденелер 3 айда пайда болады. Жалпы, серологиялық кезеңі 1 айдан 3 айға дейін созылады. Семинарға қатысушылар АИТВ стигмасы мен кемсітушіліктің әртүрлі аспектілері, психо-әлеуметтік кеңес беру, авариялық жағдай кезіндегі әрекеттер және т.б. туралы білім алды. Әрбір дәрігер АИТВ-ның алдын алу маңызды және өзекті екенін білуі керек. #ЦентрСПИДАлматы #стопВИЧkz
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы