Әрбір медицина қызметкері үшін маңызды білім
2 сәуір күні өткен семинарда «Қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ң қызметкерлері АИТВ алдын алу туралы көптеген пайдалы және қызықты мәлімет алды
Алматы қаласы ЖИТС алдын алу орталығының медицина қызметкерлері – эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Б.Табинова, дәрігер-эпидемиолог Н.Малюгина, емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Алимбекова, ММЗ меңгерушісінің м.а. А.Сыдыкова Г.Тлеушова атындағы ҚДҰО-ң маманымен бірге осы тақырып бойынша ең маңызды мәліметті берді.
Қатысушылар медициналық ұйымда АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін ҚР ДСМ және Алматы қаласы ҚДБ негізгі регламенттеу құжаттарымен танысты. Сонымен бірге, тестілеудің және кеңес берудің минималды стандарттарымен танысты, оларға келесі кіреді:
?пациенттің ақпараттандырылған келісімін алу;
?тестілеу мен кеңес берудің құпиялығын қамтамасыз ету;
?пациентті тестілеу процедурасы, тесттің болуы мүмкін (теріс/оң/күмәнді) нәтижелері туралы хабардар ету;
?АИТВ-инфекциясын емдеу туралы ақпаратты жеткізу.
Семинарда АИТВ диагностикасы мен емдеудің заманауи жолдары, авариялық жағдайлардағы әрекеттер, инвазивтік медициналық процедуралардың, деконтаминация және медициналық бұйымдарды өңдеудің қауіпсіздігі, стигма және дискриминация тақырыптары талқыланды.
#центрСПИДАлматы #стопВИЧkz