Қалалық қан орталығында семинар


Қалалық қан орталығында семинар

Алматы қ. ЖИТС орталығының дәрігерлер і 4 сәуірде қалалық қан орталығының қызметкерлеріне семинар өткізді.

Жаттықтырушылар АИТВ-инфекциясының, оның ішінде балалардағы ағымының клиникалық ерекшеліктері туралы айтып берді. Медицина қызметкерлері зертханалық диагностика алгоритмдерімен, жедел тестілеу техникасымен, антиретровирустық терапияның негізгі схемаларымен танысты. Семинардың өзекті тақырыптарының қатарына төтенше жағдай туындаған жағдайда әрекет ету жатады. Қатысушылар іс-қимыл алгоритмімен және байланыстан кейінгі профилактиканың мәнімен таныстырылды. Ауруды емдеу туралы айта отырып, ЖИТС орталығының қызметкерлері АИТВ-инфекциясын толық емдеудің жолдары жоқ екенін атап өтті. Алайда, АИТВ және оппортунистік инфекцияларға байланысты профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және күтімнің тиімді құралдарына қол жетімділік кеңейген сайын, АИТВ - инфекциясы бақыланатын созылмалы аурулар санатына өтті. Сондықтан АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ұзақ және сау өмір сүре алады. #АлматыЖИТСорталығы #стопАИТВkz
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы