Алматы - біздін ортақ үйіміз


Алматы - біздін ортақ үйіміз

Алматы қаласы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» қызметкерлері «Алматы - біздің ортақ үйіміз» атты эко-кампаниясына қатысты.

Орталықтың ауласы тазартылды. Сонымен бірге медицина қызметкерлері орталықтың жанындағы аумақты да тазалады. Бордюрлерді, қоқысқа арналған жәшіктерді, орындықтарды жөндеп, бояды. Ағаштарға ерекше күтім жасалды. ЖИТС орталығының қызметкерлері санитариялық кесуді жүргізіп, ағаштарды әктеді. Ағаштар енді бұршақ атып, әдемі болып көктемді қарсы алуда. Қаламызға қамқорлықты бірге көрсетейік! Қаламызды таза әрі одан да жақсы етейік – эко-кампанияны қолдаңыздар! #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу #Алматынашобщийдом #НасМногоГородОдин
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы