АИТВ-ның алдын алу туралы дәріс
16 сәуір күні №72 мекеме қызметкерлері дәріс тыңдап, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша сұрақтарға жауап алды.
16 сәуір күні №72 мекеме қызметкерлері дәріс тыңдап, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша сұрақтарға жауап алды.
Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы А.Перваева АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғану шаралары, сондай-ақ мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді.
- Бүгінгі маман білуге тиіс маңызды білім - ол вирусты зертханалық диагностикалау әдістері және төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмі деп атап өтті лектор.
Іс-шараға қатысушылар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу және бұл құбылыстардың АИТВ жағдайына қалай теріс әсер ететіні туралы ақпарат алды.
#АлматыЖИТСорталығы
#стопАИТВkz