АИТВ туралы ақпарат әрқашан өзекті


АИТВ туралы ақпарат әрқашан өзекті

Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері ҚДСҰО-мен бірлесіп, «Фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ КМК дәрігерлеріне семинар өткізді.

Дәрігер-эпидемиолог А. Перваева, дәрігер-инфекционист А.Алимбекова және ҚДСҰО маманы Г. Тілеушова қатысушыларды медициналық ұйымда АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін ҚР ДСМ және Алматы қаласы ҚДСБ негізгі регламенттеуші құжаттарымен таныстырды. Жаттықтырушылар балалардағы АИТВ – инфекциясының клиникалық ерекшеліктері, АИТВ кезіндегі қайталама аурулар, сондай-ақ клиника, диагностика және дифференциалды диагностика туралы айтты. АИТВ-инфекциясын емдеудің заманауи тәсілдерін зерттеу - көптеген сұрақтар тудырған семинардың маңызды тақырыбы болды. АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі және жедел тестілеу техникасы қандай болуы керек? Бұл сұраққа ЖИТС орталығының мамандары толық жауап берді. Әрине, спикерлер авариялық жағдайлар туындаған жағдайда медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне, жанасудан кейінгі профилактикаға, АИТВ-мен ауыратын науқастарды емдеу кезінде сақталатын этика мен деонтологияға назар аударды. #центрСПИДАлматы
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы