Білімді мыңды жығады


Білімді мыңды жығады

Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күніне орай осындай атты науқанды өткізді.

Науқан қаламыздың 28 батыр-панфиловшылар мен М.Ганди атындағы екі саябағында өтті. Мұнда әрдайым жастар көп. Сұрақтар осы жастарға қойылған болатын:
- АИТВ-инфекциясының берілу жолдары қандай?
- АИТВ масалардың шағуы арқылы жұғады ма?
- Өзіңді АИТВ-нан қалай қорғауға болады?
- АИТВ-ның ЖИТС-тен айырмашылығы неде?
Дәрігерлер АИТВ-инфекциясының алдын алуға қатысты басқа да сұрақтар қойды. Алматылық жігіттер мен қыздар жұқтыру жолдары мен вирустан қорғану шараларын жақсы білетіні белгілі болды. - Біздің жастар бұл тақырыпқа қызығушылық танытады. Әрине, олар ғаламтордан көп ақпарат алады. Алайда, онда барлық сұрақтарға жауаптар бола бермейді. Сондықтан дәрігерлер мен жастардың тікелей қарым - қатынасы өзара тиімді-дейді ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Айнур Жандыбаева. Сұрақтарға қатесіз жауап бергендердің барлығына медицина қызметкерлері футболкалар, қаламдар, ноутбуктерге арналған сөмкелер тәрізді сыйлықтарды табыс етті. Сондай-ақ, жігіттер мен бойжеткендерге ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алудың халықаралық күні туралы айтты. Бұл күн жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде АИТВ-мен ауыратын адамдардың проблемаларына назар аудару, жаңа жағдайлардың алдын алу мақсатында өткізіледі. Биылғы еске алу күнінің ұраны –«Есімізде бірге сақтаймыз, бірге махаббат пен ынтымақтастық арқылы емделеміз». #центрСПИДАлматы #стопВИЧkz
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы