«АИТВ эпидемиясын бақылаудың Алматы моделі» (АМЕС)


«АИТВ эпидемиясын бақылаудың Алматы моделі» (АМЕС)

Бұл Алматы қаласы әкімдігімен тығыз ынтымақтастықта Қазақстандағы ICAP басшылығымен қоғамдық ұйымдар тобы іске асырған «АИТВ эпидемиясын бақылаудың Алматы моделі» (АМЕС) атты төрт жылдық жобасының қорытындысы болып табылады.

АМЕС жобасының негізгі мақсаты- АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларын азайту және АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдар (АӨСА) үшін АИТВ-инфекциясын тиімді емдеуді қамтамасыз ету. Жобаны ЖИТС-пен күресу Элтон Джон қоры қаржыландырған және «Radian мoдель қалалары» жаһандық бастамасының бөлігі болған. Ол Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мен «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығы» ЗТБ, «Реванш» ҚҚ және «CommunityFriends» ҚҚ мен қоғамдық ұйымдарының тығыз серіктестігімен іске асырылды. Біздің жоба медициналық қызметкерлер мен ҮЕҰ-ң қызметкерлерін оқыту арқылы АИТВ-ның алдын алу және емдеу бойынша қалада жүргізіліп жатқан жұмыстарды күшейтуге, АИТВ-мен жұмыс істеудің заманауи тиімді тәсілдерін енгізуге бағытталған. Біз мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың нәтижелі өзара іс-қимылы мен әріптестігі үшін жағдайлар жасауға тырыстық. «АИТВ-на ең осал АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарына қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету жұмыстарына ерекше назар аудардық», - деп атап өтті Еуразиядағы ICAP-тың өңірлік директоры Анна Дерябина. Алматы қаласы Мәслихаты мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен республика бойынша АИТВ – ның алдын алуға және емдеуге бағытталған жобаларды іске асыруға ең жоғары мемлекеттік тапсырыс бөлінді - 2023 жылы 75 млн.теңге және 2024 жылы 95 млн. теңге. «Жоба аясында дәрігерлер мен ҮЕҰ-ң қызметкерлері тығыз байланыста жұмыс істеді. Олар АИТВ жұқтыру қаупі жоғары болатын халықтың негізгі топтарының 10 мыңнан астам өкілін тексерді. hivtest.kz онлайн-платформасы арқылы өзін-өзі тексеру үшін АИТВ-на тегін және жасырын тест жасау мүмкіндігі тиімді инновация болды. Тағы бір пайдалы жаңалық- ол АИТВ-ның алдын алу пакетінің бөлігі ретінде жанасуға дейінгі профилактиканы қамтамасыз ету. Оған АИТВ-на тұрақты тестілеу, кеңес беру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың скринингі кіреді. Бүгінде 602 алматылық профилактиканың бұл түрін пайдаланды», - дейді Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Марат Төкеев. Алматы қаласындағы Мемлекеттік, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өзара іс-қимылының тиімді тәжірибесі Севилья, Испания, Амстердам, Нидерланды, Брисбен, Австралия, Монреаль және Канадада өткен халықаралық конференцияларда көрсетілді. Бірнеше рет Алматы қаласының ЖИТС орталығы Орталық Азия, Ресей және Еуропа елдерінің әріптестері үшін оқыту ақпараттық орталығына айналған болатын. Жобаны жабу іс - шаралары аясында Тәжікстан, Өзбекстан, АҚШ, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы делегацияларының қатысуымен АИТВ-инфекциясының мәселелері бойынша «Денсаулық үшін тиімді әріптестік: АИТВ-на қарсы бірлескен бастамалар» атты Халықаралық конференциясы ұйымдастырылған, онда жобаның нәтижелері ұсынылған. - «АИТВ эпидемиясын бақылаудың Алматы моделі» жобасы- соңғы жылдардағы ең тиімді жобалардың бірі болды. Оның қаланың барлық тұрғындарына, әсіресе халықтың негізгі топтарына АИТВ-ның тиімді алдын алуға, тестілеуге және емдеуге қол жеткізуді ұсыну бойынша Париж декларациясы шеңберінде Алматы әкімдігі өзіне алған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге қосқан үлесі өте маңызды. Жобаны іске асыру кезінде әзірленген құрал-тәсілдердің жұмысы тиімді және АИТВ - инфекциясының өсу қарқынының төмендеуіне елеулі әсер етеді»,- деп есептейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин. #центрСПИДАлматы
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы