19 маусымда №11 мекеменің жеке құрамы үшін АИТВ-ң алдын алу бойынша тренинг өткізілді.


19 маусымда №11 мекеменің жеке құрамы үшін АИТВ-ң алдын алу бойынша тренинг өткізілді.

Тренингті Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері өткізді. Күн тәртібіндегі ең өзекті тақырыптың сұрақтары талқыланды - АИТВ-ның ЖИТС-тен айырмашылығы неде, берілу жолдары қандай, инфекция қалай берілмейді...

Дәрігер-эпидемиолог А. Перваева қатысушыларды қала мен елдегі эпидемиологиялық жағдаймен, сондай-ақ АИТВ зертханалық диагностикалау әдістерімен және авариялық жағдай кезіндегі әрекеттермен таныстырды. Қатысушылар АИТВ жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтарымен жұмыс істеуге қатысты маңызды ақпаратпен танысты. Жеке құрам қызметінің тағы бір өзекті аспектісі-стигма мен кемсітушіліктің алдын алу бойынша жұмыс. Тренингтің соңында сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді. #центрСПИДАлматы
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы