Байланысқа дейінгі профилактика Қазақстанда 2021 жылдан бастап енгізілген және АИТВ-инфекциясының алдын алуға мүмкіндік береді. БДП вируспен жанасқан жағдайда инфекцияның алдын алу мақсатында АИТВ-сыз адамдар антиретровирустық препараттарды үнемі қабылдаудан тұрады. Алдын алудың бұл түрі инфекциялану қаупі бар адамдарға тағайындалады.
Зерттеулер көрсеткендей, PrEP АИТВ жұқтыру қаупін азайтуда тиімді болып табылады. Кең ауқымды зерттеулерден кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы PrEP-ті халықтың негізгі топтарына жататын адамдар қабылдауы керек деген ұсыныс жасады. Алматыда байланысқа дейінгі профилактиканы ұсыну- бұл АИТВ-ның алдын алу пакетінің бір бөлігі болып табылады. Оған АИТВ-ға тұрақты тестілеу, кеңес беру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың скринингі кіреді. Бүгінгі таңда, профилактиканың бұл түрін 600-ден астам алматылықтар пайдаланды.