Қатысушылар эпидемиялық ахуалды, АИТВ даму үрдістерін зерделеді. Пенитенциарлық мекемелерде АИТВ-ға тексерулердің саны өскені туралы ескерілді.


Қатысушылар эпидемиялық ахуалды, АИТВ даму үрдістерін зерделеді. Пенитенциарлық мекемелерде АИТВ-ға тексерулердің саны өскені туралы ескерілді.

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде ЖИТС орталығында өткен жиналыста Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, №72, №11 мекемелерінің және Алматы қаласы ҚДБ «№24 Қалалық емханасы» ШЖҚ КМК қызметкерлері бірінші жартыжылдық қорытындылары бойынша бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижелерін талқылады.

Бірлесіп атқарған қызметте профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға назар аударылды. Мекемелердің қызметкерлері мен контингенті үшін дәрігерлер дәрістер оқып, ақпараттық-білім беру материалдарын таратады. Жылдан жылға бұл көрсеткіштер өсуде. АИТВ-мен өмір сүртін адамдар мүше қаптармен қамтамасыз етіледі. Қатысушылар «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығының 6, 39 тармақтарын орындау қажеттілігі туралы айтты. Сотталғандарды ақпараттандыру мақсатында аптасына бір рет жергілікті радио-байланыс арқылы аудиожазбалар таратылатын болады. #центпСПИДАлматы
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы