Мюнхенде өткен халықаралық конференцияда АИТВ- ны бақылау бойынша Алматы тәжірибесі таныстырылды


Мюнхенде өткен халықаралық конференцияда АИТВ- ны бақылау бойынша Алматы тәжірибесі таныстырылды

22-26 шілдеде Мюнхенде (Германия) АИТВ және ЖИТС бойынша 25 халықаралық конференция өтті.

Бұл АИТВ-ны жеңу бойынша пікір көшбасшыларының, танымал сарапшылардың, қоғамдастық мүшелерінің ең ірі әлемдік форумы. Конференцияға 15 мың адам қатысты. Қазақстаннан қатысушылар қатарында — мемлекеттік, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың, халықтың негізгі топтары мен қоғамдастықтардың өкілдері бар.
Халықаралық конференцияның мақсаттарының бірі — оң тәжірибені, АИТВ-ға қарсы тұрудың тиімді модельдері мен инновацияларын іздеу және масштабтау. Алматыда бір ай бұрын «АИТВ эпидемиясын бақылау жөніндегі Алматы моделі» (АМЕС) төрт жылдық жобасы аяқталды. Жоба Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия Қауымдастығы» ҚҚ, «Реванш» ҚҚ және «CommunityFriends» ҚҚ ұйымдарының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының, Қазақстандағы iCAP басшылығымен Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша әкімдік пен мәслихаттың жан-жақты көмегі арқылы тығыз әріптестігінде іске асырылды. Жобаға Radian — модельдік қала бастамасы арқылы Элтон Джон СПИД-ке қарсы қор қаржылай қолдау көрсетті.
Жобаның нәтижелері әсерлі болды. Бұл оны жоғары халықаралық форумда таныстыруға мүмкіндік берді. Алматы қаласындағы Мемлекеттік, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өзара іс-қимылының табысты тәжірибесі бұрын халықаралық конференцияларда ұсынылды, Севилья, Испания, Амстердам, Нидерланды, Брисбен, Австралия және Монреаль, Канада. Бірнеше рет Алматы қаласының ЖИТС орталығы Орталық Азия, Ресей және Еуропа елдерінің әріптестері үшін оқыту ақпараттық орталығына айналды.
  • «Біздің жоба медициналық қызметкерлер мен ҮЕҰ қызметкерлерін оқыту арқылы АИТВ-ның алдын алу және емдеу бойынша қалада жүргізіліп жатқан жұмыстарды күшейтуге, АИТВ-мен жұмыс істеудің заманауи тиімді тәсілдерін енгізуге бағытталған. Біз мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың нәтижелі өзара іс-қимылы мен әріптестігі үшін жағдайлар мен тетіктер жасауға тырыстық. АИТВ — мен өмір сүретін адамдарға және АИТВ-ға ең осал популяцияларға қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударылды», — деп атап өтті Еуразиядағы iCAP өңірлік директоры Анна Дерябина.
    Алматы — байланысқа дейінгі профилактика (БДП) сыналған Қазақстандағы алғашқы қала. Байланысқа дейінгі профилактика (PrEP) — АИТВ-инфекциясын алдын алудың жаңа әдісі, Қазақстанда 2021 жылдан бастап енгізілуде. АИТВ-инфекциясындағы БДП вируспен байланыста болған жағдайда инфекцияның алдын алу мақсатында АИТВ-теріс адамдардың антиретровирустық препараттарды үнемі қабылдауынан тұрады. Профилактиканың бұл түрі АИТВ-сы жоқ, бірақ сонымен бірге жұқтыру қаупі жоғары адамдарға тағайындалады.
    Әлемдік зерттеулер PrEP дәрі — дәрмектері АИТВ-ның таралу қаупін 99% — ға төмендетуде тиімді екенін көрсетеді. Кең ауқымды зерттеулерден кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы PrEP препараттарын негізгі топтағы адамдар қабылдауы керек деген ұсыныстар жасады. Статистикаға сәйкес, олар осы популяцияларда АИТВ-ның кең таралуына байланысты инфекция қаупіне жиі ұшырайды.
  • Алматыда байланысқа дейінгі профилактиканы ұсыну — бұл АИТВ алдын алу жөніндегі пакеттің бір бөлігі. Оған АИТВ-ға тұрақты тестілеу, кеңес беру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың скринингі кіреді. Бүгінде профилактиканың бұл түрін 600-ден астам алматылықтар пайдаланды. БДП қызметі мигранттар үшін де қолжетімді, мамандандырылған дәріханаларда, дәрігердің рецепті бойынша препараттарды сатып ала алады» — деді жобаның тұсаукесерінде Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Марат Төкеев.
АИТВ — ға қарсы сәтті Алматы модельдердің бірі -АИТВ-ға өзін-өзі тестілеуге арналған жиынтықтарға тапсырыс беру бойынша, онлайн сервис (www.hivtest.kz). Бұл платформа адамдарға, соның ішінде халықтың негізгі топтарының өкілдеріне АИТВ-ға тестілеуден құпия, тегін және өздеріне ыңғайлы жерде өтуге мүмкіндік береді. Тағы бір назар аударарлық модель — әлеуметтік медиа арқылы АИТВ-ға тестілеу стратегиясы. Бұл халықтың негізгі топтарының өкілдерін АИТВ-ға тестілеуге тарту үшін әлеуметтік байланыстарды пайдалану тәсілі. Модель АИТВ-ға ең осал халықтың қолы жетпейтін топтары қатарындағы адамдарды, АИТВ-ға тестілеу қызметтерімен қамтуға мүмкіндік береді. Алматыда дәрігерлер мен ҮЕҰ қызметкерлері бірлесіп жұмыс істейді. Жобаны іске асыру барысында олар, АИТВ қаупі жоғары халықтың негізгі топтарының 10 мыңнан астам өкілін тексерді.
Жобаның жетістіктерінің бірі, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы тұрақты әріптестік болып табылады. Сонымен қатар, жоба АИТВ-ны бақылауға қол жеткізу үшін Шығыс Еуропа мен Орталық Азия (ШЕОА) қалалары үшін үнемді және ауқымды модель әзірледі. Мюнхенде өткен АИТВ және ЖИТС бойынша Халықаралық конференцияның сарапшылары мен қатысушылары «АИТВ эпидемиясын бақылаудың Алматы моделі» жобасы Қазақстандағы, соңғы жылдардағы ең тиімді жобалардың бірі екенін атап өтті. Олар Алматы әкімдігінің Париж декларациясы шеңберінде, қаланың барлық тұрғындарына, әсіресе халықтың негізгі топтарына АИТВ-ның тиімді алдын алу, тестілеуге және емдеуге қол жеткізуді ұсыну бойынша, алған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге қосқан үлесі өте маңызды екендігіне назар аударды. Сонымен, жақын арада АИТВ бойынша Алматылық модельді, басқа елдерде сәтті қолданатын болады, ал Алматы туралы тек таулар қаласы ғана емес мен алмалар қаласы дейтін болады.
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы