Алматы қаласы ЖИТС орталығының қызметкерлері №11 мекемесінің арнайы контингентіне арналған АИТВ-ң алдын алу тақырыбында семинар өткізді.


Алматы қаласы ЖИТС орталығының қызметкерлері №11 мекемесінің арнайы контингентіне арналған АИТВ-ң алдын алу тақырыбында семинар өткізді.

Эпидемиолог-дәрігер А.А.Перваева АИТВ пайда болу тарихы, вирустың адамның иммундық жүйесіне әсері, мегаполистегі эпидемиялық ахуал туралы айтты.

Қатысушылар АИТВ берілу жолдары туралы ақпарат алды, вирус берілмейтін жолдар мен оның себептерін талдады. Викторина түрінде өткен сессия сол себептерді түсінуге көмектесті. Стигма мен кемсітушілік дегеніміз не? Олардың вирустың таралуына әсері қандай? Осы сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар берілді, практикалық мысалдар келтірілді.
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы