Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері жастар денсаулық орталықтарының қызметкерлері үшін АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар өткізді.
Өздеріңіз білетіндей, жастар денсаулық орталықтары (ЖДО) 10-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға және 18-29 жас аралығындағы жастарға медициналық және емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді. Бұл жастардың денсаулығы мен қауіпті мінез-құлқын шешуге қабілетті қызметтер. Сондықтан орталық мамандарының АИТВ-инфекциясы мәселелерінде құзыретті болуы өте маңызды.
ЖДО-ның 12 өкілі семинарды тыңдап, ЖИТС орталығының дәрігерлерінен сұрақтарға жауап алды. А. Жандыбаева мен А. Тұржанова қатысушыларды АИТВ жұқтыру жолдарымен және қорғау шараларымен таныстырды. Дәрігерлер АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қандай көмек көрсетілетінін, зертханалық диагностика алгоритмі қандай екенін, тестілеудің қандай түрлері бар екенін егжей-тегжейлі айтып берді.
Алдын алу туралы сессияда жиналғандар байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактика туралы, дағдарыс жағдайында қайда жүгіну керектігін және бұл ретте қандай көмек көрсетілетінін білді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Алматыда 14 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. ЖИТС орталығының дәрігерлері, олардың қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша тұрақты негізде семинарлар мен тренингтер өткізеді.
#центрСПИДАлматы #ВИЧ