Репродуктивті медицина институтының акушер-гинекологтарымен және акушерлерімен өткен кеңесте...
Репродуктивті медицина институтының акушер-гинекологтарымен және акушерлерімен өткен кеңесте, Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерінің АИТВ-инфекциясына тестілеудің өзекті мәселелерін талқылады.
Эпидемиология бөлімінің меңгерушісі -Б. Табинова, емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі – А. Әлімбекова, дәрігер-эпидемиологтар А. Төлегенова және К. Аралбаева АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу денсаулық сақтаудың маңызды міндеті болып табылады.
Олар дәрігерлерді Алматы қаласындағы жүкті әйелдер мен жыныстық серіктестерд і АИТВ-ға тексерумен қамту мониторингін талдаумен, сондай-ақ , АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу және байланысқа дейінгі профилактика жөніндегі іс-шаралармен таныстырды.
Қызметтер бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша шараларды белгіледі. Олардың ішінде: жүкті әйелдермен және жыныстық серіктестермен тестке дейін және тесттен кейін сапалы кеңес беру, сондай-ақ , барлық зертханалық деректерді енгізе отырып, алмасу карталарын уақтылы және сапалы толтыру.
Медицина қызметкерлері әр жағдайды талдауға, себептерін анықтауға және бірлесіп шешім қабылдауға келісті.
#центрСПИДАлматы