Алматы қаласында өзін-өзі тестілеу АИТВ-ң алдын алудың тиімді трендіне айналуда. .
АИТВ-ға өзін өзі тестілеу енгізілген екі жылда 6 мыңнан астам алматылық осы қызметті қолданып, өздерінің АИТВ-мәртебесін білді. АИТВ-ға онлайн түрде өзін-өзі тестілеу, әсіресе халықтың негізгі топтары (еркектермен жыныстық қатынастағы еркектер, инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар, трансгендерлік адамдар) арасында тестілеумен қамтуды кеңейтудің тиімді құралы болып табылады. «Тесттер қолдану үшін қарапайым және күрделі манипуляцияларды қажет етпейді, сонымен бірге олардың сезімталдығы жоғары және айтарлықтай дәл нәтиже береді», - деп Алматы қаласы ҚДБ «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» директоры Марат Төкеев түсіндіреді.
Өзін-өзі тестілеу - бұл жұқтыру қаупі бар кез-келген адам пайдалана алатын денсаулыққа қатысты тағы бір құқық. АИТВ-ға қарсы іс-қимылдағы жетістіктер адам құқықтарын қорғау және денсаулық сақтау жүйесін нығайту саласындағы прогреспен тығыз байланысты.
20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін (Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні) Алматыда «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңдаңыз» ЮНЭЙДС ұранымен науқан өтеді. Әр адамның құқықтарын сақтау АИТВ-ға тиімді төтеп берудің негізі болып табылады. Бұл Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні - әрбір адамның құқығын қорғау арқылы әрбір адамның денсаулығын қорғауға шақыру болып есептеледі.
Бүгінгі таңда, Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдар антиретровирустық терапияны тегін алуда. Алматыда жанасуға дейінгі профилактика қызметі (ЖДП) жүзеге асырылады. Достық кабинеттерінде халықтың негізгі топтарына жататын 728 адам ДДҰ-ның нұсқауларын сәйкес ЖДП-ны алып жатыр. Жүкті әйелдер АИТВ-ға тексеруден екі рет өте алады, тексеру оң нәтиже бергенде емдеуді уақытылы бастап, дені сау баланы жарыққа әкеле алады.
Науқан күндері - 1 желтоқсанға қарай Алматыда АИТВ-ның алдын алу, АИТВ-ға шалдыққан адамдарға стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы білімді насихаттау бойынша акциялар, дөңгелек үстелдер, флэшмобтар және басқа да іс-шаралар өтеді. Алматы «Қайрат» футзал клубының жанкүйерлері, бизнес-құрылымдардың қызметкерлері мен білімгерлер үшін экспресс- тестілеу акциялары жоспарлануда. «Алматы- 1» теміржол вокзалы мен халықаралық әуежайдың жолаушылары АИТВ-ның алдын алу туралы бейнероликтерді көре алады. АИТВ – мен өмір сүретін адамдар үшін дерматолог, маммолог, фтизиатр, онколог тәрізді арнайы мамандардың кеңестері ұйымдастырылады. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында халық үшін «Ашық есік күні» өтеді. Әрбір ниет білдіруші мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тексеруден өте алады.