ЖИТС қарсы күрес күніне орай өткізілетін Дүниежүзілік науқанына Алматы да қосылды.
Бұл күндері Алматы қаласындағы ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері мектептерде, орта білім беру мекемелерінде және бизнесс-құрылымдарда тернингтерді белсенді өткізді.
20 қараша күні дәрігерлер «Равный-равному плюс» Қоғамдық бірлестігінің жасөспірімдерімен бірлесіп, №21 мектеп-гимназиясының оқушыларына арналған тренинг өткізді. «Теңімен -теңдей» ұстанымы бойынша АИТВ профилактикасын, берілу жолдары мен вирустан қорғану шараларын талқылады. Маңызды ақпарат ойындар мен викториналар барысында түсіндірілді.
Жаман әдеттер неге әкеледі? Әрине, денсаулықтың бұзылуына және тұлғаның жойылуына әкеледі. Медицина қызметкерлері мектеп оқушыларын спортқа, шығармашылыққа, оқуға және өзін дамытып, көрсетуге уақыт бөлуге шақырды.