Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні шеңберінде Алматы қ. ЖИТС


Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні шеңберінде Алматы қ. ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері «Пана» әлеуметтік бейімделу орталығында болды.

Орталық 2000 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Бұл жерде тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға көмек көрсетіледі. Сонымен бірге, бұл жерде мүгедектігі бар адамдар да бар.

Медицина қызметкерлері АИТВ туралы білімдерін арттыруға бағытталған науқан өткізді. Олар жиналғандарға АИТВ берілу жолдары мен одан қорғану шаралары туралы айтты. Өздерінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау деген үндеу айтылды. Оның негіздерінің бірі – өз АИТВ мәртебесін білу .

Дәрістен кейін медицина қызметкерлері сұрақтарға жауап берді. Содан кейін, ниет білдіргендерге АИТВ-инфекциясына тестілеуден өту ұсынылды. Олардың саны аз болған жоқ – екі филиалда 200 адам! Орталықты мекендеушілер тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңес беру кезінде дәрігерлерді мұқият тыңдады. 20 минуттан кейін олар тестілеудің нәтижелерін білді.

Науқан жайылған дастарханның басында аяқталды. Дастарханның басында, дәм-тұз үстінде адамдар дәрігерлерге сұрақтар қойып, әңгімені жалғастырды.#центрСПИДАлматы
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы