Жыл сайын, Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес күніне орай ЖИТС


Жыл сайын, Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес күніне орай ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері ЛА-11 колония-мекемесіне келеді.

Осы жылы да олар дәстүрді бұзған жоқ. Медицина қызметкерлері жасөспірімдер колониясына «Равный-равному плюс» Қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен бірге келді. Медицина қызметкерлерінен және еріктілерден тұратын десант колония тәрбиеленушілеріне «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңда!» ұранымен өтетін Дүниежүзілік науқаны туралы айтты.

Қоғамдық бірлестіктің қызметкерлері жылы атмосфераны қалыптастыра алды. Олар әлеуметтік көріністерді көрсетті, гитарамен ән айтты, АИТВ-ң берілу жолдары мен одан қорғану шаралары бойынша викторина өткізді. Содан кейін, шығармашылық пен креативпен айналысты. Тәрбиеленушілер АИТВ профилактикасы туралы плакаттар шығарды. Біреулер вирусты қорқынышты құбыжық ретінде салса, басқалары қызыл лентаны - ЖИТС қарсы күрес пен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау белгісін суреттеді. Әрине, өмірге толы ашық аспан, жасыл таулар мен жақсы көретін бауырсақтардың суреттері де болды. Осындай өмір қандай да бір жаман әдеттен қымбат!.

Тәрбиеленушілердің алдында ЛА-11 басшысы сөз сөйледі. ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі А.М.Жандыбаева өз сөзінде «Денсаулық – адамның ең қымбат құндылығы. Оны жастайынан сақтап, жауапкершілікпен қарау қажет, спортпен және дене шынықтырумен айналысу керек» деп айтты.

Іс-шараның соңында белсенді қатысушылар марапатталды. Оларға баскетбол және волейбол доптары мен спорттық киім жинақтары тапсырылды. #центрСПИДАлматы
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы