Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне


Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Дұрыс жолды таңда – адам құқығы жолы» ұранымен акция аясында, Алматы қаласының ЖИТС орталығы 22 қараша күні алматылықтарды АШЫҚ ЕСІК күніне шақырды.

Таңертеңнен қызығушылық танытқандар Бәсенова көшесі 2, 4-ғимарат мекенжайына асықты. Мұнда медицина қызметкерлері мен еріктілер күтіп тұрды. Сапар әрбір алматылық үшін қызықты әрі пайдалы болды.

АИТВ инфекциясына 70 адам тексерілді. ИХЛА/ИФА және экспресс-әдістерді қолдану арқылы тест тапсыру мүмкін болды. Екінші жағдайда, сіз 20 минут ішінде АИТВ статусын біле аласыз. Орталықтың медициналық қызметкерлері тестілеуден өткендердің барлығына тестілеуге дейінгі және кейінгі консультациялар жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.

АИТВ-инфекциясы туралы, вирустан қалай қорғану керек және салауатты өмір салтын ұстану неліктен маңызды екенін білгісі келетіндер үшін шағын тренингтер ұйымдастырылды. Дәрігерлер АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғану әдістері туралы кеңінен әңгімеледі. Орталықта көрсетілген бейнероликтерден де пайдалы танымдық ақпаратты алуға болады. Әрбір Ашық есік күніне қатысушы пайдалы ақпараты бар кітапша алды.

АИТВ жұқтырған адамдар үшін бұл күні дәрігерлер гинеколог, педиатр, эпидемиолог, психолог, сондай-ақ шақырылған мамандар: онколог, фтизиатр, дерматовенеролог, маммолог және гепатологтың қабылдауында болды. 74 адам шақырылған мамандардын қабылдауында болып, кеңестер алды. #центрСПИДАлматы
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы