«Дұрыс жолды-адам құқықтарының жолын таңда» атты ЮНЭЙДС ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орай өтіп жатқан науқан қаланың түрлі ұйымдарында белсенді жалғасуда.
Науқан аясында ЖИТС орталығының мамандары №13 мекемеде тренинг өткізді. Эпидемиолог-дәрігерлер А.Перваева және Ж.Аруова қатысушыларға АИТВ-ң берілу жолдары мен одан қорғану шаралары, сондай-ақ вирус жұқпайтын жағдайлар туралы айтты.
Теоретикалық білімдерін нақтылау мақсатында медицина қызметкерлері 4 кезеңнен тұратын ситуациялық ойын өткізді. Бірінші кезең – АИТВ туралы не білесіз? Бұл жерде қатысушылар осы тақырып бойынша өздерінің пікірлерін жазды.
Екінші – АИТВ мен ЖИТС-ң айырмашылығы неде? Бұл жерде дұрыс жауаптарды іздеу бойынша жеке жұмыс жалғасты.
Үшінші кезең – вирустың берілу қауіпі неде? Карточкалармен жұмыс жасау ұйымдастырылды.