Алматы қаласы ЖИТС орталығында босандыру ауруханаларының медицина қызметкерлері мен әйелдер консультацияларының меңгерушілеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.


Алматы қаласы ЖИТС орталығында босандыру ауруханаларының медицина қызметкерлері мен әйелдер консультацияларының меңгерушілеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның тақырыбы өзекті: жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-ға тексеру, сондай-ақ, анадан балаға АИТВ берілу профилактикасының сапасын арттыру.

ЖИТС орталығының қызметкерлері қатысушыларды эпидемиологиялық жағдаймен, анадан балаға АИТВ берілудің профилактикалық шараларымен таныстырды.

Елімізде жүкті әйелдер АИТВ-ға екі рет тексеріледі: әйелдер консультациясында есепке алу және 28-30 апталық жүктілігі кезінде. Бұл АИТВ ерте анықтауға, антиретровирустық препараттармен емдеуді бастауға және инфекцияның анадан балаға берілуін болдырмауға және дені сау баланы дүниеге әкелуге көмектеседі.

Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне арналған науқан аясында ұйымдастырылды. #центрСПИДАлматы
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы