Алматыдағы СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері футбол жанкүйерлерін ВИЧ инфекциясына тексерді.
Бұл күндері SADU Arena-да футзалдан ел чемпионаты өтуде. Ең қызу әрі қызықты кездесулердің бірі атақты «Қайрат футзал» мен «Ақтобе» ҚФФ командалары арасында өтті.
Ойын көптеген жанкүйерлерді қызықтырды. Әрбір спорт жанкүйері АИТВ-ға тегін, құпия және қалаған жағдайда жасырын түрде тест тапсырып, 20 минут ішінде оның нәтижесін білу мүмкіндігіне ие болды.
Дәрігерлер экспресс-әдіспен тестілеуді жүргізді, сонымен қатар тестілеуге дейінгі және кейінгі кеңестер берді. Залда спорттық құштарлық қайнап жатқанда, фойеде ВИЧ-ке тест тапсыру үшін кезек пайда болды.
Көпшілікті мына сұрақтар қызықтырды: АИТВ-инфекциясы қалай жұғады, вирустан қалай қорғануға болады және әлемде неге бұл ауруға қарсы вакцина әлі жасалмаған. Жастардың қызығушылық танытып, ұялмай, сұрақ қоюы қуантады. АИТВ-инфекциясына тестілеу – бұл ең алдымен өз денсаулығыңыз бен жақын адамдарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасау.