АИТВ – адамның иммунитет тапшылығының вирусы
АИТВ – бұл өте ұсақ вирус, оны қарапайым микроскоп көмегімен көру мүмкін емес.
Вирустың енуі (АИТВ) адам ағзасына әлсіреуді және адам ағзасын жұқпалы аурулар қорғалуын қамтамасыз ететіниммундық жүйенің бұзылуын тудырады.
АИТВ қалай беріледі?
- Қан арқылы
- Қан құю және оның компоненттері
- Инъекциялық есірткі тұтыну барысындашприцтер мен инелердібірлесіп пайдалану
- Стерильденбегенмедициналық және медициналық емес құралдарменманипуляцияларжүргізу
- АИТВ-позитивті адамменқорғанусыз жыныстық қатынас кезіндежыныстық жолменберіледі
- Анадан балаға жүктілік босану және емшекпен емізукезінде.
АИТВ қалай берілмейді
- қол алысқанда
- жөтелгенде, түшкіргенде
- бассейн, монша, әжетханаға барғанда
- жәндіктер шағып алғанда
- достық сүйісулер арқылы
- ыдыс, киім, төсек әбзелдері арқылы
- үй жануарларымен қарым-қатынаста
- азық-түлік арқылы
АИТВ қалай анықтауға болады?
Адамның сыртқы түріне қарап жұқтырған, жұқтырмағанын анықтауғаболмайды. Білудің жалғыз жолы – бұл АИТВ-ға антиденелердің болуынақанды тексеру. Антиденелер-бұл арнайы нәруыздар, олар вирус енугенде организмде пайда болады.
Тесттіңоң нәтижесі адамда АИТВ антиденелерітабылдыдегенді білдіреді. Бұл адам жұқтырғандеп болжауғанегіз береді.
Тесттіңтеріс нәтижесі АИТВ антиденелеріне табылмағанынбілдіреді, бұл адам жұқтырмаған немесе "диагностикалық терезе"кезеңінде тұрғанын білдіреді.Терезе кезеңі - бұл жұқтырудан оларды табу үшін жеткілікті антиденелердіңпайда болуына дейінгі уақыт. Оның ұзақтығы бір айдан үш айға дейін.
Адам өзінің АИТВ–дәрежесін неліктен білу керек?
- Вирустың көбеюін тежейтінарнайы препараттарды қабылдаудыуақытында бастау үшін
- Өзінің жыныстық серіктестеріне АИТВ берілуін алдын алу үшін
- Анадан балаға жүктілік, босану және емшекпен емізу кезінде АИТВ-ның берілуін алдын алу үшін
АИТВ оң нәтижелі адамқандай ем-дом алады?
АИТВ оң нәтижелі адамвирустың көбеюін тежейтін, арнайы препараттардықабылдайды, осылайша адам өмірінұзартады және сақтайды. Терапия антиретровирустық деп аталады. Егер емдеу уақытында басталса, адам қартайған шағына дейін өмір сүреді.
Жұқпаның алдын алу шаралары:
- Жыныстық қатынаскезінде мүшеқаптар пайдалану
- Тек өзінің стерильді шприцін пайдаланужәне оны басқа адамдарға пайдалануғажол бермеу
- Татуировка және пирсинг үшін стерильденген инелердіпайдалану
- тек өзінің жеке гигиеналық заттарын (қырынуға арналға жарақтар, тіс щеткалары)пайдалану
- жүктілік кезінде, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдевирусқа қарсы ем алу, балаға жұқтырудыболдырмау үшінбаланы емізуденбас тарту.