Подросткам о ВИЧ

Подросткам о ВИЧ

11 және 14 қазанда Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері полицейлерге дәріс өткізді.
Тәртіп сақшылары - учаскелік полиция инспекторларын қайта даярлау циклына қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын толықтырды. Спикерлер - дәрігер-эпидемиолог Ш.Рысбек және әлеуметтік қызметкер А. Жұманова вирус жайында, АИТВ - инфекциясының берілу жолдары, аурудың алдын алу туралы айтып берді. Дәрігерлер инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша кешенді шаралар туралы презентация жасады. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай туралы тақырып та көптеген сұрақтар туғызды.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы