22 ақпанда Алматы қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша 2021 жылғы бірлескен жұмыс қорытындыларын талқылау бойынша қалалық полиция департаментінің бөлімшелерімен онлайн-кеңес өтті.

Г. Бекбосынов - профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог-дәрігері еліміздегі, Алматы қаласындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы, сондай-ақ АИТВ-ның таралу ерекшеліктері, негізгі тенденциялары, полиция департаменті (ПД) мекемелеріндегі профилактикалық іс-шаралар туралы айтып берді.

Қатысушылар өткен жылы кестеге сәйкес ҚР ІІМ және Алматы қ.ПД мекемелерінде АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғау шаралары туралы 33 дәріс өткізілгенін атап өтті. Іс-шаралармен 2777 қызметші қамтылды. Жоғалған адамдарды іздестіру бойынша алғашқы тексеру жүргізу үшін аудандық ТК және ПБ-ға 13 хат жолданды.

Алдын алу жұмысының тиімділігін арттыру үшін "зиянды азайту"бағдарламасы шеңберінде ИЕҚА-мен жұмыс істеуде полицейлерге жәрдемдесу қажет.

Қатысушылар АИТВ-инфекциясының алдын алуды жақсартуға бағытталған басқа да мәселелерді талқылады.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы