Екі жыл ішінде 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынады

Екі жыл ішінде 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынады

Президент Жолдауы "Мен келесі жылдан бастап ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарына бағытталған ұлттық жобаны жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдадым.

Екі жыл ішінде қазіргі кезде медициналық мекемесі жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толықтай жабдықталады. Осылайша мемлекет миллионнан аса азаматымызды алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз етеді. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпбейінді медициналық мекеме ретінде қайта құрылады. Онда инсульт орталығы, хиругия, жан сақтау және оңалту бөлімдері пайда болады" - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында. Бұл төрт миллионнан аса азаматымыз үшін медициналық қызмет сапасын арттырады. Сонымен қатар, шалғай аудандардың тұрғындарының білікті көмек алуына мүмкіндік беретін телемедицина дамиды.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы