Баспасөз релизі 16.09.22 АИТВ-мен өмір сүретін адамдар стигма мен кемсітушілікке ұшырамауы керек

Баспасөз релизі 16.09.22 АИТВ-мен өмір сүретін адамдар стигма мен кемсітушілікке ұшырамауы керек

Әлеуметтік желілерде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға диагноз қойылғандықтан, сол диагнозына байланысты түрлі шабуылдар жасалып, қорлау туралы хабарламалар әлі де пайда болуда, бұл өте жағымсыз жағдай.

Осыған байланысты ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО) стигма мен кемсітушілікке әкелетін АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген теріс қатынасқа қарсы шығып, ондай жағдайға кері көзқараста болады. АИТВ-инфекциясы бұрыннан созылмалы аурулар санатына өтті. Бүгінгі таңда ҚР Үкіметінің жүйелі профилактикалық шараларды қолдауының нәтижесінде елімізде АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша жағдай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша шоғырланған сатыда сақталып отыр. Қазақстанда ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясы іске асырылуда, ол АИТВ инфекциясына байланысты алдын алуды, тестілеуді, емдеуді және күтімді қамтамасыз етуге бағытталған. 2021 жылы Қазақстан АИТВ – инфекциясына байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі Жаһандық серіктестік бастамасына қосылды. Стигматизация мен кемсітушіліктің барлық нысандарын жою 2030 жылға қарай тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін негізгі рөл атқарады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға әлеуметтік және құқықтық қорғауға кепілдік береді. «ЖИТС тасымалдаушылар», «АИТВ жұқтырғандар» және басқа да терминдері ДДҰ, ЮНЭЙДС саясатына және жалпыадамзаттық құндылықтарға қайшы келетінін ерекше атап өткіміз келеді. Диагнозға, жыныстық бағдарға, терінің түсіне, нәсіліне байланысты ешкім өз құқықтарына қысым жасамау қажет. Қазақстан - зайырлы өркениетті мемлекет, сондықтан ауруларға байланысты стигмаға жол берілмейді. Бұл АИТВ-инфекциясының таралуына ықпал ететін стигма. Стигма – қоғамдағы кемсітушіліктің, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың, негізгі топтардың өкілдері - есірткі қолданатын адамдар, ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар, секс-жұмысшылар, трансгендерлік адамдардың құқықтарының бұзылуының негізгі себебі. - «Стигмаға байланысты адамдар тестілеуден, емделуден қорқады, қарым-қатынасты шектейді, өмірге жоспар құруды тоқтатады. Біз АИТВ саласындағы стигма мен кемсітушілікпен күресетін және ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясын іске асыратын үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық белсенділерге қолдау көрсетеміз», - деп атап өтті ҚДИАҒО директоры Асылхан Әбішев. ҚДИАҒО 2022 жылдың 8 айында РФ азаматтарын қоса алғанда Қазақстанға көші-қон ағындарының ұлғаюына байланысты АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалмағанын хабарлайды. Оның covid-19 сияқты ауа тамшыларымен берілмейтінін және Кодекс бойынша шетелдік азаматтар, соның ішінде Ресей Федерациясының азаматтары АИТВ-инфекциясы үшін жасырын немесе құпия негізде тегін тестілеуден өтуі мүмкін екенін ескере отырып, карантиндік шараларды енгізудің қажеті жоқ. ҚДИАҒО баспасөз қызметі

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы