Пресс-релиз


Пресс-релиз

Жылдың басынан Алматы қаласында жаңа тулған сәбилер арасында АИТВ-инфекциясының жағдайлары тіркелген жоқ.

АИТВ-ң вертикальді (анадан балаға) берілуінің алдын алу медицина қызметкерлеріне вирусты тиімді қадағалауға, ал әйелдерге – дені сау бала босануға мүмкіндік береді.

12-16 мамыр аралығында елімізде Республикалық репродуктивтік денсаулық апталығы өткізіледі, ол халықтың репродуктивтік денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау маңыздылығын білдіреді. Болашақ аналар - Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлерінің ерекше назарында. Елімізде әйелдерге кеңес беру орнында тіркеудегі барлық жүкті әйелдер үшін екі реттік жоспарлы тексеру еңгізілген. Бұл АИТВ-ны ерте диагностикалауға мүмкіндік береді.

- «Бүгінгі таңда Алматы қаласында АИТВ бар жүкті әйелдер мен жаңа тулған сәбилер профилактикалық емдеумен толық қамтылған», - дейді Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Марат Сансызбекұлы Төкеев. Жүкті әйелде АИТВ анықтаған соң медицина қызметкерлерінің ең басты міндеті ол – инфекцияның балаға берілуін болдырмау. Әйел ЖИТС орталығында диспансерлік есепке қойылады,оған психологиялық-әлеуметтік кеңес беріледі және жеке схема бойынша антиретровирустық терапияны қабылдайды. Жүктілік кезінде ол әйелдер консультациясында және ЖИТС орталығының гинеколог маманының бақылауында болады. Дәрігерлердің барлық нұсқауларын сақтап, препараттарды қабылдаған кезде вирустың ұрыққа берілу қауіпі 0-2%-ға дейін төмендейді.

Төмен вирустық жүктеме кезінде әйел өзі босана алады, ал, вирустық жүктеме жоғары болса кесарь тілігі жасалынады. Сәбиге туыла сала шәрбәт түрінде профилактикалық ем тағайындалады. Ол ЖИТС орталығының мамандарының бақылауында 1,5-2 жасқа дейін болады және бірінші жылы БМСК ұйымында тегін сүт қоспаларымен қамтамасыз етіледі. Осы кезеңде бала АИТВ-ға бірнеше рет тексеріледі. 18 айға қарай барлық нәтижелері теріс болып қала берсе, бала есептен шығарылады, бұл оны сау деп тануды растайды. 2024 жылы АИТВ-мен перинатальдық байланыста болған 81 сәби «дені сау» деген диагнозбен есептен шығарылған.

Мамандар жүкті әйелдердің антиретровирустық терапияны ұстануының артқанын да атап өтеді. Бұл инфекционист, педиатр, гинеколог, психолог, учаскелік медбике және үкіметтік емес ұйымның әлеуметтік қызметкерінің қатысуымен мобильді бригадаларды қамтитын мультидисциплинарлық тәсілді енгізудің арқасында мүмкін болды. Заманауи антиретровирустық терапия схемаларын қолдану да маңызды рөл атқарды – күніне бір рет қабылданатын дозасы бекітілген біріктірілген препараттарға артықшылық беріледі.

Жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер арасында АИТВ-ның алдын алудағы оң үрдістер қабылданған шаралардың өзектілігі мен тиімділігін растайды. Бұл жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде – биыл 18 мамырда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні қарсаңында ерекше маңызды.

#СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025 #RepHealth2025 #SalauattiUrpaq2025

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы