Алматы қаласы ЖИТС орталығының, Психикалық денсаулық орталығының және Сенім пункттерінің дәрігерлері 10 қаңтарда 2023 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындыларын талқылады.


Алматы қаласы ЖИТС орталығының, Психикалық денсаулық орталығының және Сенім пункттерінің дәрігерлері 10 қаңтарда 2023 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындыларын талқылады.

ЖИТС орталығының дәрігерлері әріптестерін АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, Алматыдағы оң үрдістермен және проблемалық мәселелермен таныстырды.

Жұмыста екі инновация атап өтілді. Біріншісі: iCAP жобасы аясында өзін-өзі тексеруді енгізу. ЖИТС орталығының сайтында з АИТВ-ға экспресс- тестке тапсырыс бере аласыз және талдауды өзіңіз жасай аласыз. Екіншісі:
жұқтыру қаупін азайту, халықтың негізгі топтарынан дені сау (жұқтырмаған) адамдардың АРВ препараттарын қабылдауы үшін АИТВ-ның байланысқа дейінгі профилактикасы енгізілді.
Кеңесте инъекциялық есірткі қолданатын адамдар (ИЕҚА) арасында АИТВ-ның таралуын эпидемиологиялық бақылау бойынша зерттеу нәтижелері таныстырылды. Оған 389 адам қатысты. Зерттеу ИЕҚА-дың арасында АИТВ - инфекциясының таралуының 2018 жылмен салыстырғанда 1,8 есе төмендегенін көрсетті.
Бүгінде қалада халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның алдын алуды арттыру үшін 19 Сенім пункті жұмыс істейді. 32 аутрич-қызметкері ИЕҚА-мен жұмыс істеуге тартылды. ЖИТС орталығының дәрігерлері оларға арналған тренингтер мен семинарларды үнемі өткізеді.
Кеңеске қатысушылар бірлескен қызметті жақсарту бойынша жалпы мақсаттарды талқылады:
✅- профилактикалық іс-шаралармен қамтудың кемінде 80% АИТВ-инфекциясына тексеруді қамтамасыз ету;
✅- наркологияда есепте тұрған ИЕҚА-ды тестілеумен қамту бойынша жұмысты күшейту;
✅- Сенім пункттерінде АИТВ-на экспресс әдісімен тексеру қызметін белсендіру;
✅- бейінді мамандардан (дерматовенеролог, нарколог) кеңес алу үшін клиенттерді жіберу жұмыстарын күшейту.
#ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы