Новости

Новости



«Клиника АМD» ЖШС-ң қызметкерлері АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған оқыту тернингіне қатысты.

Іс-шараны Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары өткізді. Тренингтің мақсаты –АИТВ таралуын алдын алудың заманауи жолдары туралы медицина қызметкерлерінің хабардар болу деңгейін арттыру.

Тренинг барысында қатысушылар вирустың берілу жолдары, диагностиканың, антиретровирустық терапияның заманауи әдістері, сондай-ақ, пациенттерге кеңес беру ерекшеліктері туралы өзекті ақпарат алды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигматизация деңгейін төмендету мәселесіне ерекше назар бөлінді.

Спикерлер клиникалық жағдайларға талдау жасап, медицина қызметкерлерімен практикалық нұсқаулармен бөлісті. Биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік стандарттары, жеке қорғаныс шаралары және авариялық жағдайлар кезіндегі алгоритмдер талқыналды.

Қатысушылар дәріс оқушылардың жоғары кәсіби дайындығын және әзірленген материалдың өзектілігін атап өтті. Көбісі медициналық көмектің сапасын арттыру және халық арасында инфекцияның таралуын алдын алу үшін осындай шаралар маңызды екені туралы айтты.

#АлматыЖИТСорталығы #АИТВпрофилактикасы



АИТВ-на тестке тегін және құпия түрде тапсырыс беруге болады

Алматы қаласында АИТВ-инфекциясына тестке тапсырысты тегін және құпия түрде беріп, өзіңіздің АИТВ-мәртебеңізді білуге болады.

Тұрақты түрде тестілеуден өту – ол өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын ойлауды білдіреді.

https://hivtest.kz/ сілтемесі бойынша кіріп, тапсырысты рәсімдеңіз.

Тапсырысты өзіңізге ыңғайлы жерде рәсімдеп, алып кете аласыз: тастаматтардан, дәріханалардан, ҮЕҰ, ЖИТС орталығынан (Басенов көшесі, 2 корпус 4).

АИТВ-на тестілеуден өтіңіздер!

#АлматыЖИТСорталығы

#АИТВтестілеу



Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері стационарлар мен орталықтардың медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ-ң алдын алу бойынша екі күндік семинар өткізді.

Қатысушылар АИТВ-инфекциясының түрлі мәселелері бойынша өзекті білім алды, оның ішінде:

-берілу жолдары;
-аурудың даму кезеңдері;
-қорғану шаралары;
-АИТВ туралы кең тараған жалған ақпарат.

Семинарда АИТВ-на тестілеуден өту тақырыбына ерекше назар аударылды.

Жаттықтырушылар тестілеудің түрлері, оның ішінде, нәтижесі 20 минуттың ішінде дайын болатын экспресс-тестілеу туралы айтты. Сонымен бірге, пациентке сауатты кеңес беруге және орын алатын қобалжуды жеңілдетуге мүмкіндік беретін тестілеуге дейінгі және тестілеуден кейінгі кеңес берудің маңыздылығы талқыланды.

Семинар барысында қатысушылар теоретикалық материалмен танысып ғана қоймай, практикалық жаттығуларға да қатысты. Медицина қызметкерлері кеңес беру дағдыларын жетілдірді, пациентке ақпаратты дұрыс жеткізуді үйренді, өздерінің тәжірибесінен күрделі клиникалық жағдайларды талқылады.

Осындай семинарларды өткізу медициналық қауымдастықтың ақпараттандырылуын арттырып, АИТВ-инфекциясын тиімді диагностикалауға және ерте анықтауға ықпал етеді.

#АлматыЖИТСорталығы #АИТВалдыналу



Алматы қаласы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының қызметкерлері АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттандырылуды арттыруға және оның алдын алу бойынша дағдыларды дамытуға бағытталған оқудан өтті.

Білім беру іс-шарасы АИТВ алдын алу мәселелері бойынша медицина қзметкерлерінің біліктілігін арттыру жолындағы маңызды қадам.

Тренингті Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастырған. Бағдарлама аясында қатысушылар АИТВ-ң берілу жолдары, диагностиканың заманауи әдістері мен профилактиканың мүмкіндіктері, оның ішінде, халықтың негізгі топтары арасындағы профилактика туралы өзекті ақпарат алды.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар пациенттермен қарым-қатынас құрудың этикалық мән-жайларын және медициналық практикада құпиялылықты сақтау маңыздылығын талқылады.

Оқу барысында медицина қызметкерлері кеңес беру дағдыларын жетілдіруге, ауруды ерте анықтауға және көмек қажет ететін пациенттерді бағыттау маңыздылығына арналған практикалық жаттығуларға қатысты.

Осындай тренингтерді өткізу АИТВ-мен байланысты шақырулар кезінде тиімді қызмет көрсетуге дайын кәсіби ортаны қалыптастыруда басты рөлді атқарады және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартырады.

#центрСПИДАлматы



Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері аурудың үшінші және төртінші соңғы кезеңдерінде анықталған АИТВ-инфекциясының жағдайларын талдауға бағытталған бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдарының медицина қызметкерлерімен бір қатар кеңестер өткізді.

Кездесулерге қалалық емханалар мен медициналық орталықтардың дәрігерлері және мейірбикелері қатысты. Медицина қызметкерлері Алматы қаласында, сонымен қатар, жалпы еліміздегі АИТВ-инфекциясы бойынша өзекті ақпарат алды. Мысалы, вирусты жұқтырудың негізгі жолдары, профилактика шаралары мен тексеру стандарттарын сақтау маңыздылығы сияқты мәселелер қаралды.

ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері аурудың клиникалық кезеңдері, олардың белгілері мен ауру ағымының ерекшеліктері туралы айтты. Инфекцияны ерте анықтау маңыздылығына ерекше назар аударылды: адам өзінің оң АИТВ-мәртебесін неғұрлым ерте білсе, соғұрлым ол антиретровирустық терапияны тезірек бастап, өмір сүру сапасын сақтай алады.

Сонымен қатар, ерте диагностикаға кедергілер де талқыланды: стигматизация, халықтың төмен ақпараттандырылуы және тұрақты түрде тестілеуден өтуге мотивацияның жетіспеушілігі. Орталық қызметкерлері осы кедергілермен күресте БМСК негізгі рөль атқаратыны туралы айтты.

Кеңестердің қорытындылары бойынша қатысушылар БМСК ұйымдары мен ЖИТС орталығы арасындағы өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру бойынша практикалық нұсқаулар әзірледі.

#АлматыЖИТСорталығы #АИТВпрофилактикасы



№5 Қалалық клиникалық аурухананың мамандары Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары өткізген оқыту семинарында АИТВ-инфекциясын алдын алу мәселелері бойынша білім деңгейін арттырды.

Медициналық мекемелерде профилактикалық жұмысты ұйымдастыру мәселелері басты назарда болды. Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының денсаулық сақтау саласында АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі шараларды реттейтін негізгі нормативтік құжаттарымен танысты.

Жаттықтырушылар тыңдаушыларға АИТВ жұғу жолдары, аурудың даму кезеңдері, сондай-ақ , вирустан қорғаудың тиімді шаралары туралы айтып берді. Байланысқа дейінгі профилактика (PrEP), АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің төмендеуі және уақтылы тестілеудің маңыздылығы сияқты тақырыптар ерекше қызығушылық тудырды.

Сонымен қатар, қатысушылар медициналық көмек көрсету кезінде инфекциялық қауіпсіздік стандарттарын сақтаудың маңыздылығын талқылады. Кәсіптік инфекцияның қаупін және оның алдын алу шараларын көрсететін тәжірибеден нақты мысалдар келтірілді.

Семинар ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті және инфекциялық бақылау саласындағы медицина қызметкерлерінің біліктілігін ұдайы арттыру қажеттігін атап өтті.

#орталықЖИТСАлмати #АИТВалдыналу



«Жұқпалы және жұқпалы емес аурулар: қиылысу жерлері». Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлеріне арналған семинар осылай аталды.

Семинарды жүргізген – Дебора Гастафсон, MS, PhD, Нью-Йорк штаты университетінің профессоры; Денсаулық сақтау ғылымдарының Даунстэйт Университеті, неврология департаменті; Нейроэпидемиология бөлімінің директоры, Готенбург университетінің профессоры, Швеция; АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының қартаю, Альцгеймер ауруы, деменция, әлсіздік және АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша көптеген ғылыми жобаларының бас зерттеушісі

Медицина қызметкерлеріне соңғы шетелдік зерттеулер бойынша қызықты ақпарат ұсынылды.

Семинарда тәжірибе алмасты.

#центрСПИДАлматы



Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері 2 маусымда қалалық қан орталығының дәрігерлері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізді.

Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медициналық мекемелерде АИТВ бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыруға қатысты негізгі регламенттейтін құжаттары ұсынылды.

Семинар барысында АИТВ-мен байланысты түрлі аспектілер талқыланды. Қатысушылар АИТВ-инфекциясының не екенін, оның қандай жолмен берілетінін, аурудың қандай кезеңдері бар екенін және негізсіз қорқыныш тудыратын мифтерді білді.

Байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактика тақырыптары, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері ерекше назар аударды.

Семинарда АИТВ-ға тестілеудің заманауи тәсілдері қарастырылды. Жаттықтырушылар міндетті түрде кеңес бере отырып, АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша мастер-класс өткізді.

Семинардың маңызды элементі АИТВ проблемасынан зардап шеккен пациенттермен жұмыс істеудің этикалық аспектілерін талқылау болды. Қатысушылар дәрігерлік құпияны сақтау және әр пациентке құрметпен қарау қажеттілігін талқылады.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл тақырыбы да қозғалды. ЖИТС орталығының өкілдері АИТВ-ның тиімді алдын алу және емдеу үшін ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға өзекті ақпарат пен кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

#орталықЖИТСАлматы #АИТВалдыналу



Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай, Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары "Реванш" қоғамдық қорының белсенділерімен бірлесіп балаларға арналған мереке ұйымдастырды.

Іс-шараның "Ерекшелігі", "Муркин ертегілері" қуыршақ театрының қойылымы болды. Актерлер "Қасқыр мен жеті лақ"ертегісін көрсетті. Балалар мен ата - аналар қатты қуанды - атмосфера күлкіге, қол шапалақтауға және қуанышты дауыстарға толы болды.

Дәрігерлер мен қоғам қайраткерлері балаларды жылы лебіздерімен құттықтады. Әрине, балаларды дәмді тағамдар - шырындар, балмұздақ және пицца күтіп тұрды. Барлығы өздерін үйде, қамқорлық пен көңіл жағдайында сезінді.

Көңілді конкурстар мен ашық ойындар өткізген аниматорлар ерекше атмосфера құрды. Мереке жарқын және ұмытылмас болды.

#орталықЖИТСАлматы



Фтизиопульмонология орталығында Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері АИТВ-инфекциясын алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында, АИТВ-мен байланысты түрлі аспектілер талқыланды. Тыңдаушылар, АИТВ-инфекциясы дегеніміз не, аурудың қандай кезеңдері бар екенін сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар қандай медициналық және психологиялық көмек алатынын білді. Медицина мамандары осы бағыттардың әрқайсысы бойынша толық ақпарат алды.

Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медициналық мекемелерде АИТВ бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыруға қатысты негізгі регламенттейтін құжаттары ұсынылды.

Байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактика тақырыптары, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері ерекше назар аударды. Бұл аспектілер қатысушылар арасында қызу пікірталас тудырды, бұл мәселенің маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді.

Сондай-ақ, семинар аясында АИТВ-ға тестілеудің заманауи тәсілдері және пациенттерді тексеруден өтуге ынталандыру тәсілдері талқыланды.

Мұндай іс-шараларды өткізу медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға неғұрлым толерантты қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.

#орталықЖИТСАлмати #АИТВпрофилактикасы

Посмотреть на карте Алматы