Аналитическая справка
по проведенному внутреннему анализу коррупционных рисков
в КГП на ПХВ "Центр по профилактике и борьбе со СПИД" УОЗ г. Алматыза период с 01.01.2026 года – по 30.09.2026 г.
Вводная часть: Приказом Директора КГП на ПХВ "Центр по профилактике и борьбе со СПИД" УОЗ г. Алматы (далее – Центр) от 01 сентября 2026 года №68-н для проведения внутреннего анализа коррупционных рисков создана рабочая группа в следующем составе:
Руководитель рабочей группы:
Заместитель директора по лечебной работе Нуркеримова А.К.
Члены группы:
Заместитель директора по организационно-методической работе и эпидемиологическим вопросам Денебаева А.Е.
И.о. главного бухгалтера Шалкыбекова Г.Ж.
Инспектор отдела кадров Алиева М.М.
Комплаенс-офицер Анарбаева Ш.А.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің аяқталғаны және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін көпшілік талқылаудың басталуы туралы хабарландыру.
Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ МКК "ЖИТС-тің алдыналу және оған қарсы күрес орталығы" ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеталдау жүргізу аяқталғанын және ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелерін көпшілік талқылаудың басталғанын хабарлайды (Талдамалықанықтамажобасықосаберіледі).
Өткізілген СЖТІТ нәтижелеріне қатысты ұсыныстар, түсініктемелер, ескертулер 2026 жылғы 06 қазанға дейін қабылданады Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына, комплаенс-офицер Анарбаева Шынар Асылбековнаға немесе 8-707-105-52-66 телефоны (WhatsApp) арқылы немесе Алматы қаласы, Басенов көшесі, 2 үй, 4 корпус, 2 қабат, №39 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.
АИТВ туралы - шынайы,түсінікті және мифсіз
Алматыда, 69 мектептің оқушылары АИТВ алдын алу бойынша интерактивті дәріске қатысты.
Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлер, і оқушыларға АИТВ қалай берілетіні, қорғаудың қандай тәсілдері бар және неге дұрыс білім денсаулықты сақтауға көмектесетіні туралы айтып берді.
АИТВ туралы әңгіме жасөспірімдерге қол жетімді және түсінікті түрде өтті. Күрделі медициналық терминдердің орнына нақты мысалдар, сұрақтар мен жауаптар қатысушыларға тақырыпты қажетсіз қорқыныш пен адасусыз түсінуге көмектесті.
Мамандар АИТВ туралы кең таралған мифтерге ерекше назар аударды. Оқушылар вирустың қандай жағдайда берілуі мүмкін екенін және қандай тұрмыстық байланыстар мүлдем қауіпсіз екенін білді.
Интерактивті формат қатысушыларға тыңдауға ғана емес, талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік берді. Жасөспірімдер дәрігерлерге сұрақтар қойып, өз бетінше талқылау оңай емес тақырыптарға кәсіби жауаптар алды.
ЖИТС орталығының мамандары профилактика сенімді ақпараттан басталатынын атап өтті. Жасөспірімдер денсаулық туралы неғұрлым ерте білім алса, соғұрлым олар жауапты шешімдер қабылдап, өздеріне қамқорлық жасай алады.
#алдыналуАИТВ #орталықЖИТСАлматы
22 қыркүйек күні Алматы қаласы ЖИТС орталығына «Гуманитарное действие» Санкт-Петербург қайырымдылық қоры мамандарының делегациясы келді. Жұмыс сапарының мақсаты - үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағдарламаларын іске асырудағы Қазақстанның тәжірибесін зерделеу.
Кездесу барысында мамандар ЖИТС орталығы жұмысының негізгі бағыттарымен, Алматыдағы АИТВ инфекциясы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық ахуалмен, сондай-ақ АИТВ-ға тестілеуді ұйымдастырумен және консультациялық көмекпен танысты.
Келушілер Орталықтың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылына ерекше назар аударды. Алматылық мамандар профилактикалық іс-шаралармен қамтуды кеңейтуге және халықтың негізгі топтары үшін тестілеудің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ынтымақтастықтың практикалық тетіктері туралы айтты.
Сонымен бірге, Ресейлік делегация ЖИТС орталығының сенім пункті мен достық кабинетінің жұмысымен танысты. Қонақтар пациенттерді қабылдау, оларға кеңес беру, тестілеу және медициналық және профилактикалық көмекке мұқтаж адамдарды одан әрі бағдарлау қалай ұйымдастырылғанымен танысты.
Практикалық тәжірибе алмасу кездесудің маңызды бөлігі болды. Қатысушылар АИТВ-ның алдын алу, инфекцияны ерте кезеңде анықтау және профилактикалық қызметтен бастап мамандандырылған медициналық көмекке дейінгі адамның тиімді бағытын құру тәсілдерін талқылады.
#АлматыЖИТСорталығы #ХНГ #АИТВпрофилактикасы
Алматы көпсалалы колледжінің педагогтары Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ұйымдастырған АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша тренингке қатысты.
Кездесу барысында Орталықтың мамандары АИТВ-ң алдын алудың заманауи тәсілдері, жұқтыру жолдары мен жұқтыру тәуекелін төмендететін шаралар туралы айтты. Шынайы ақпаратқа және уақытылы тестілеудің маңыздылығына ерекше назар бөлінді.
Жастармен жұмыс жасауда өзекті мәселелер талқыланды. Педагогтарға білімгерлердің АИТВ туралы сұрақтарына қалай жауап беру, кеңінен тараған жалған ақпаратты жоққа шығару және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы практикалық нұсқаулар берілді.
Тренингке қатысушылар жаңа білім ала отырып, Орталықтың мамандарына өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоя алды. Осындай формат шынайы жағдайларды талқылауға және АИТВ профилактикасы туралы сұхбатты ашық және түсінікті өткізуге мүмкіндік берді.
Мамандар жастардың қалыптасуында педагогтар маңызды рөл атқаратыны туралы айтты. Құзыретті мамандардан алған шынайы ақпарат жасөспірімдер мен жастарға саналы шешім қабылдауға және өздерінің денсаулығына жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.
#АИТВпрофилактикасы #АлматықаласыЖИТСорталыы #стопАИТВkz
«Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясына қатысу
19 қыркүйекте «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясы аясында Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері аумақты тазалау шарасын ұйымдастырды.
Орталық ұжымы қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға және қала аумағының тазалығын сақтауға бағытталған бастамаға қосылды. Қызметкерлер аумақты тазартып, қоқыс жинады және жасыл желек аймақтарын ретке келтірді.
Бұл шараға қатысу Орталық қызметкерлеріне қаланың тазалығы мен көріктендірілуіне өз үлестерін қосуға мүмкіндік берді.
Таза әрі қауіпсіз қалалық орта – өмір сапасы мен халық денсаулығының маңызды құрамдас бөлігі.
Әрбір адамның қосатын шағын үлесі де қаламызды таза ұстау жөніндегі ауқымды бастаманың бір бөлігіне айнала алады.
Қазақстанның барлық аймақтарынан келген Жастар денсаулығы орталықтарының мамандары ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласы ЖИТС орталығында болды. Жұмыс кездесуі тәжірибе алмасу және жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу тәсілдерін талқылау алаңына айналды.
Қатысушылар ЖИТС орталығының жұмысын ұйымдастырумен және ыңғайлы және сенімді жағдайда АИТВ-ның алдын алу бойынша кеңестер, ақпараттар ала алатын және қажетті тексеруден өте алатын Достық кабинетінің қызметімен танысты.
Достық кабинетке жүгінуден бастап ЖИТС орталығында мамандандырылған көмек алуға дейін «пациенттің маршруты» кездесудің негізгі тақырыптарының бірі болды. Мамандар бұл жолды жастар үшін барынша түсінікті, қолжетімді және тиімді ету тәсілдерін талқылады.
ЖИТС орталығының дәрігерлері АИТВ-инфекциясының алдын алудың заманауи тәсілдері, ерте тестілеудің және медициналық көмекке уақытылы жүгінудің маңыздылығы туралы айтты. Жастарға кеңес және ақпарат беруге ерекше назар аударылды, өйткені дәл осы медициналық маманмен сенімді диалог жастарға сұрақтарына уақытылы жауап алуға және өз денсаулығына қатысты жауапты шешім қабылдауға көмектеседі.
Сондай-ақ, қатысушылар Жастар денсаулық орталықтары, Достық кабинеттер мен мамандандырылған қызмет арасындағы өзара іс-қимылдың практикалық тетіктерімен танысты. Жүйе буындары арасындағы үйлесімді жұмыс пациентті түрлі кезеңдерде жоғалтпауға және қажет болған жағдайда оны бейінді мамандарға шұғыл жіберуге мүмкіндік береді.
Бұл тәсіл жастармен профилактикалық жұмыс жүргізу үшін ерекше маңызды. Адам АИТВ туралы шынайы ақпаратты неғұрлым ерте алса, тестілеуден қайда өтуге болатынын және көмек үшін қайда жүгінуге болатынын білсе, денсаулықты сақтау және инфекцияның таралуының алдын алу мүмкіндіктері соғұрлым көп болады.
16 қыркүйекте Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары қалалық емханалардың медицина қызметкерлерімен бірлесіп, АИТВ-инфекциясын уақтылы анықтау мәселелеріне арналған жұмыс кездесуін өткізді.
Медицина қызметкерлерінің сергектігін арттыруға және тестілеуді уақтылы тағайындауға басты назар аударылды. АИТВ-ны ерте анықтау антиретровирустық терапияны уақытында бастауға, инфекцияны бақылауға және пациенттердің өмір сүру сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында мамандар, АИТВ-ға тексеруді ұсынудың маңызды клиникалық жағдайларын қарастырды, сонымен қатар қосымша тестілеуге негіз болатын белгілер мен ауруларды талқылады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының ЖИТС орталығымен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.
"Пациентті тексеруге уақтылы жіберу, қауіп факторларын дұрыс бағалау және аурудың көріністеріне мұқият қарау алғашқы жүгінуден бастап диагноз қоюға дейінгі уақытты қысқартуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Алматы қаласы ЖИТС орталығы директорының орынбасары А.Нұркерімова.
Сарапшылар заманауи тестілеу айқын симптомдар болмаған кезде де АИТВ-инфекциясын анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Диагноз расталған кезде пациентке инфекцияны бақылауға көмектесетін және асқыну қаупін төмендететін қажетті емдеу тағайындалады.
Мұндай жұмыс кездесулері медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін арттыруға және АИТВ-инфекциясын ерте анықтау тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.
Алматы қалалық ЖИТС орталығы алматылықтарды «Қала күні» қарсаңында 2026 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 09.00-ден бастап 17.00-ге дейін «Ашық есік» күніне шақырады.
Сіздер үшін:
✅️АИТВ-ға тестілеу, оның ішінде экспресс-тест жасалады,
✅️мамандар кеңес береді,
✅️профилактика бойынша шағын - тренингтер өткізіледі,
✅️буклеттер таратылады.
?Біздің мекен-жайымыз: Басенов көшесі, 2, корпус 4
Кәсіби тану: Алматы ЖИТС орталығының қызметкері Министрдің Алғыс хатымен марапатталды
15 қыркүйекте, Алматыда Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қызметкерлерінің Бірінші Конгресі аясында, ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарованың Алғыс хатымен , Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Әлия Базарбекова марапатталды.
Марапат Әлия Базарбекованың көп жылғы кәсіби еңбегін, АИТВ-инфекциясын алдын алу жөніндегі қызмет жұмысын ұйымдастырушылық-әдістемелік, сүйемелдеу мен профилактикалық бағыттың дамуына қосқан үлесі мен жауапкершілігін мойындау болды.
Әлия Базарбек қызын, лайықты марапатымен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, кәсіби табыс, жаңа жетістіктер және еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің игілігі үшін одан әрі жемісті жұмыс тілейміз!