Новости

Новости



«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

Құрметті қала тұрғындары! «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне (аудандық) құжаттар қабылдау басталды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаты:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеп, кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2025 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін өтінімдер қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады. Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша аудан әкімдігіне жүгінуге болады.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 14 маусым.

#Otbasym2025 #МерейліОтбасы2025

https://www.facebook.com/100057530705664/videos/680075621530922/?locale=ru_RU



27-29 мамыр аралығында Астанада, Алматы қ. ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-инфекциясының озық сатысы бар пациенттерді басқару бойынша тренингке қатысты. Тренингті ұйымдастырушылар – ҚДЖИАҒО мен ICAP.

Іс-шараның мақсаты - АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық көмектің сапасын арттыру. Ол үшін арнайы бағытталған құралдар қолданылды:

-АИТВ-инфекциясының озық сатысын диагностикалау мен емдеуде дәрігерлердің білімін нығайту;
-оппортунистік инфекциялардың алдын алу және емдеу тәсілдерін жақсарту;
-еліміздің әр өңірінен келген мамандар арасында кәсіби байланыстарды дамыту және тәжірибе алмасу.

Оқыту бағдарламасы, ұлттық клиникалық хаттамалармен жұмыс істеуді, клиникалық жағдайларды талдауды, пікірталастарды және топтық жұмысты қамтыды.

Қатысушылар біліктілікті арттыру үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, осындай тренингтерді тұрақты өткізуге қызығушылық танытты. Алынған білім мен дағдылар жергілікті жерде тиімдірек жұмыс істеуге ықпал етеді.

#орталықЖИТСАлмати #АИТВозықсатысы



Репродуктивті медицина институтында Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері АИТВ-инфекциясын алдын алу мәселелеріне арналған семинар өткізді. Іс-шараға қатысушыларға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, медициналық ұйымдарда АИТВ бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыруға қатысты негізгі регламенттейтін құжаттары туралы айтылды.

Семинар барысында негізгі аспектілер талқыланды: АИТВ-инфекциясы дегеніміз не, аурудың қандай кезеңдері бар, сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қандай медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Қатысушылар осы бағыттардың әрқайсысы бойынша толық ақпарат алды.

АИТВ-ға тестілеу тақырыбына ерекше назар аударылды. Қатысушылар тестілеудің әртүрлі түрлері туралы, соның ішінде нәтижені небәрі 20 минут ішінде білуге мүмкіндік беретін экспресс-тест өткізу туралы білді.

Сонымен қатар, тыңдаушылар байланысқа дейінгі профилактика, кеңес беру, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелеріне арналған сессияларға қатысты. Бұл тақырыптар қатысушылар арасында жанды жауап пен пікірталас тудырды.

Семинар қорытындысы бойынша медицина қызметкерлері АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша хабардарлықты үнемі арттырудың маңыздылығын атап өтті. Алынған білім профилактикалық жұмыстың сапасын жақсартуға және пациенттерге тиімдірек қолдау көрсетуге көмектеседі.

#орталықЖИТСАлмати #АИТВпрофилактикасы



22-30 мамыр аралығында республикада

"Салауатты балалық шақ - бақытты болашақ"

ұранымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған апта өткізіледі.

Барлық балалар сау және бақытты болсын!

#Қазақстанбалалары



Алматыда, Жеңіс күніне орай мамыр айында қаланың үздік медицина қызметкерлеріне марапаттар табыстау дәстүрге айналды.

Отандық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі және Қазақстан халқының денсаулығы үшін жанқиярлық еңбегі үшін, АББ "Ұлттық медицина қауымдастығының" жоғары наградасы "Алтын дәрігер " медалімен жұқпалы аурулар - дәрігері Баян Джампейісованы марапаттады. Мәншүк Мәметова медалімен жұқпалы аурулар - дәрігері Роза Жүсіпова марапатталды. Екі дәрігер де Алматы қаласындағы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында жұмыс істейді.

Марапаттау " Біздің есімізде! Біз мақтанамыз" акцисы аясында өтті, оны АББ "Ұлттық медицина қауымдастығы" ширек ғасыр бойы өткізіп келеді. Әріптестерімізді құттықтаймыз!

Шын жүректен зор денсаулық, одан әрі табыстар және отбасылық амандық тілейміз!

#центрСПИДАлматы



Алматы қаласы ЖИТС орталығында, АҚШ профессорлары - С.Вермунд пен С. Алидің, сондай-ақ Назарбаев Университеті мектебінің MoVe командасының мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Талқылаудың басты бағыты озық тәжірибелермен алмасу болды. Ғалымдар АҚШ-та АИТВ-мен өмір сүретін адамдар қалай емделетінін және негізгі топтармен, атап айтқанда мигранттармен жұмыс істеуде қандай стратегиялар қолданылатынын айтты.

Орталық дәрігерлері қонақтарды диагностика және емдеу әдістері, сондай-ақ Алматыдағы АИТВ бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етті.

Байланыстан кейінгі профилактика мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шетелдік ғалымдар, Алматыдағы осы тәжірибенің ауқымына тәнті болды. Сондай-ақ, байланысқа дейінгі профилактика, оның мүмкіндіктері мен болашағы талқыланды.

Әңгіме сындарлы және мүдделі жағдайда өтті және екі тарап үшін де пайдалы болды.

#центрСПИДАлматы



ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу халықаралық күні

18 мамыр – әлем бойынша ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні. Бұл күн бүкіл әлемде миллиондаған адамның өмірін жалмаған індет туралы және оған қарсы күресте бірігудің маңыздылығын еске салады.

Бұл күн алғаш рет 1983 жылы Сан-Францискода індетке шалдыққандардың бастамасымен өткізілді. Содан бері бұл күн жыл сайын бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіретін халықаралық оқиғаға айналды. Негізгі мақсаты – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алып, АИТВ- мен өмір сүріп жүрген адамдарға қолдау білдіру.

Бұл күннің символы – қызыл таспа. Адамдар оны киімдеріне тағып, жанашырлық пен қолдауды білдіреді, сондай-ақ қоғамға алдын алу, емдеу және қолдаудың маңыздылығын еске салады. Көптеген ұйымдар осы күні акциялар, дәрістер, флешмобтар және басқа да іс-шаралар өткізеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АИТВ-ның созылмалы инфекция ретінде таныды. Адамдардың көпшілігі өздерінде АИТВ бар екенін білмей жүреді. Сондықтан тұрақты түрде тест тапсырып, ақпараттанған дұрыс.

#ДеньПамятиУмершихСПИД #ЦентрСПИДАлматы



Сабақ тақырыбы: АИТВ-ның алдын алу

Репродуктивті денсаулық апталығы аясында Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері мектеп және колледж мұғалімдеріне арналған семинар өткізді.

Медициналық қызметкерлер қатысушыларды Алматыдағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып, вирус жұғу жолдары мен одан қорғану шаралары туралы ақпарат берді.

Дәрігерлер адам иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) қан арқылы, қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде және анадан балаға (вертикалды жолмен) жұғатынын түсіндірді. Сонымен қатар, АИТВ қол алысу, құшақтасу, ортақ ыдыс немесе бассейн арқылы берілмейтіні ерекше атап өтілді.

Семинар қатысушыларына АИТВ-ға тұрақты тест тапсырудың маңыздылығы мен тегін әрі құпия тексеруден өту мүмкіндігі туралы айтылды. Сондай-ақ, қазіргі заманғы алдын алу әдістері — мүшеқаптарды пайдалану, кеңес беру және антиретровирустық терапия таныстырылды.

Педагогтарға жыныстық тәрбие және ВИЧ-тің алдын алу тақырыптарын оқу және сыныптан тыс бағдарламаларға белсенді енгізу ұсынылды. Жасөспірімдермен ашық диалог орнату, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және өзгелерге құрметпен қарауына ықпал етудің маңыздылығы атап өтілді.

Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ақпараттық материалдар мен мамандардың байланыс деректерін алды. Іс-шара мұғалімдердің хабардарлығын арттыруға және оқушылармен әрі қарайғы ағартушылық жұмыста қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталды.

#СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025 #RepHealth2025 #SalauattiUrpaq2025



Репродуктивті денсаулық апталығы аясында

Тікелей эфир «АИТВ-инфекциясының алдын алу»

Баяндамашы – дәрігер-эпидемиолог

ШОЛПАН РЫСБЕК

16 мамыр, 10:00

#СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025 #RepHealth2025 #SalauattiUrpaq2025



ЖИТС орталығында ашық есік күні: ақпараттылық пен денсаулыққа маңызды қадам

Алматы қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында өткен Ашық есік күні тек іс-шара ғана емес, медицина қызметкерлері мен халық арасындағы ашық диалогтың маңызды бөлігіне айналды.

Іс-шара Репродуктивті денсаулық апталығы аясында ұйымдастырылды. Бұл күні Орталық өз есігін студенттерден бастап, бизнес құрылымдарының өкілдері мен бейжай қарамайтын азаматтарға дейін барлық ниет білдірушілерге ашты. Алматылықтар мекеменің жұмысы, АИТВ диагностикалау, емдеу және алдын алудың заманауи әдістері туралы көбірек біле алды.

Қонақтарға АИТВ-ға тегін, құпия және қажет болған жағдайда анонимді тестілеу, экспресс-тестілеу, сондай-ақ мамандардың кеңестері мен шағын тренингтер ұсынылды.

– Мен өмірімде алғаш рет АИТВ-ға тест тапсырдым. Бұл қауіпсіз процедура. Тесті саналы түрде жасадым, өйткені өз денсаулығымыз үшін өзіміз жауаптымыз, – деп бөлісті колледж студенті Жомарт.

Дәрігер А. Туржанова келушілерге АИТВ-ға қатысты мифтер, жұқтырудан қалай сақтану және өз мәртебеңді білудің маңыздылығы туралы айтып берді.

160-тан астам алматылық АИТВ-дан тестілеуден өтті. Барлық ниет білдірушілерге ақпараттық буклеттер таратылды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін дерматолог, гепатолог және фтизиатр дәрігерлердің қабылдауы ұйымдастырылды.

– ЖИТС орталығындағы Ашық есік күні халықты өзекті тақырып бойынша ақпараттандыру мен ашықтықтың үлгісі болды, – деп атап өтті ЖИТС орталығы директорының орынбасары А. Нұркерімова.


#СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025 #RepHealth2025 #SalauattiUrpaq2025

Посмотреть на карте Алматы