12 мамыр - Халықаралық медбикелер күні
Медбикелердің міндеті қарапайым емес - олардың жұмысы адалдықтың, мейірімділіктің, кәсіпқойлықтың мысалы болып табылады.
Обсуждаем предстоящий референдум
12 мая сотрудники Центра по профилактике и борьбе со СПИД г.Алматы активно обсуждали свое участие в предстоящем республиканском референдуме по принятию изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан.
9 мамыр-Жеңіс күні
Ұлы Отан соғысы жылдарында елдің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған халқымыздың өшпес ерлігін еске алу біздің жүрегімізде, ол ешқашан өшпейді. Біз және болашақ ұрпақ үшін бұл ерлік Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің үлгісі болып қала береді. Еліміздің аспаны әрқашан ашық, бейбіт болсын!
Ардагерлерге қамқорлық жасау
Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері «Аманат» партиясымен бірлесіп, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, қайырымдылық көмек көрсетті.
5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша референдум өтеді.
Алдағы референдум әрбір азаматқа тарихи оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Референдум - бұл аса маңызды демократиялық институт, алайда Қазақстанда ол соңғы рет 1995 жылы қолданыстағы Конституция бекітілген кезде болып өтті. Конституцияны жаңарту - бұл Қазақстанның әрбір азаматы үшін өте маңызды. Референдумға келіңіз!
Қазақстанда перинаталдық және неонаталдық скринингтер кеңейтілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 "Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
3 мамырда Алматы қаласы ЖИТС орталығының дәрігерлері қаланың оқу және еңбек ұжымдарында дәріс оқыды.
Қатысушылар - Алматы педагогикалық колледжінің студенттері мен мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері АИТВ-ның алдын алу шараларымен және берілу жолдарымен танысты.
АМЕС жобасы серіктестерінің кездесуі
26-27 сәуірде Алматы қаласы ЖИТС орталығында "АИТВ індетін бақылау жөніндегі Алматы моделі"жобасы серіктестерінің кездесуі өтті.