21 шілдеде Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері "ЭКО орталығы" ЖШС медицина қызметкерлері үшін семинар өткізді. Іс-шараның тақырыбы АИТВ-инфекциясын алдын алу болды.
Семинар адамның иммун тапшылығы вирусының таралуын болдырмау мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыруға бағытталған. Дәрігерлерді, медбикелерді және әкімшілік қызметкерлерді қоса алғанда, 50-ден астам маман қатысты.
Іс-шара барысында АИТВ жұқтыру жолдары, диагностика әдістері, сондай-ақ ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы өзекті деректер қаралды. Медициналық ортада АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигматизациялау және кемсіту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Медицина қызметкерлерін оқыту, АИТВ-инфекциясын алдын алуда шешуші рөл атқарады. Қызметкерлердің хабардарлығы мен дайындығы инфекция жағдайларын уақтылы анықтауға, сондай-ақ пациенттердің сенімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Спикерлер қатысушылардың тақырыпқа деген жоғары қызығушылығын атап өтіп, мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті. Бұл медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін қолдауға және көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
#орталықЖИТСАлмати #алдыналуАИТВ
Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдайды. Акцияның ұраны – «Алматы – бәріміздің ортақ үйіміз».
Сенбілік аясында орталық қызметкерлері толық құраммен қатысып, мекеме аумағын тазалады. Қоқыстар мен түскен жапырақтар жиналып, қаптарға салынып, сыртқа шығарылды. Қазір орталық маңы таза әрі жайлы.
Біз сенеміз: адамдар қоқыс тастайтын жер – лас болғаны үшін емес, қоқыс тастауға дағдыланғаны үшін пайда болады. Қаламыздың көшелері мен саябақтарында әрдайым тазалық болсын десек, әрбір алматылық айналасын таза ұстауға жауапкершілікпен қарауы керек.
Экологиялық мәдениет – қарапайым әрекеттен басталады. Сенбілік – пайдалы іс қана емес, сонымен қатар қаланың тазалығы өз қолымызда екенін еске салатын іс-шара болды.
#ЖИТСорталығыАлматы #ТазаКазахстан #ТазаҚазақстан #МыЗаЧистыйГород #АлматыНашОбщийДом #БіргеТазалайық
Алматы қаласы ЖИТС орталығында өткен кездесуде, қалалық тері-венерологиялық диспансермен, Достық кабинеттермен және халықтың негізгі топтары арасында жұмыс істейтін аутрич-қызметкерлермен бірлескен жұмыс қорытындыланды.
ЖИТС орталығының медицина қызметкерлер і қатысушыларды талқыланған кезеңде, АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен және инфекцияға тексерудің негізгі көрсеткіштерімен таныстырды.
"Зиянды азайту" бағдарламасы бойынша Алматы қаласының үш емханасында Достық кабинеттері жұмыс істейтіні атап өтілді. Оларда негізгі топтардағы пациенттерге АИТВ-инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), АИТВ жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлық нысандары туралы ақпарат тегін негізде беріледі, сондай-ақ тестілеу жүргізіледі. Өтініш бергендердің барлығы презервативтермен және ақпараттық материалдармен қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда пациенттер тері-венерологиялық диспансерге жіберіледі.
Кездесуге қатысушылар, проблемалық мәселелерді талқылап, бірлескен жұмыстың басым бағыттарын анықтады. Сондай-ақ, жастар арасында ақпараттық-ағарту жұмыстарын күшейту ұсынылды.
#орталықЖИТСАлматы
10 шілде күні Алматы қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен (ҚАЖ) бірлескен жұмыстың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы шығарылды.
Кездесуге Алматы қаласы ҚАЖ департаментінің қызметкерлері, №11, №13, №72 мекемелерінің өкілдері және №24 қалалық емхананың мамандары қатысты. Қатысушылар бірлескен қызметтің нәтижелері, жетістіктер мен өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
Зертханалық диагностиканың преаналитикалық кезеңінің талаптарын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері қатысушыларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ересектер арасындағы АИТВ-инфекциясын диагностикалау және емдеу жөніндегі клиникалық хаттамасымен таныстырды.
АИТВ мен туберкулез қосарлы инфекциясымен тіркелген науқастарды антиретровирустық терапиямен (АРТ) және химиопрофилактикамен қамту бойынша ақпарат өзекті тақырыптардың бірі болды. Емнің үздіксіздігін қамтамасыз етуде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді. Кездесу соңында қатысушылар алты айда қол жеткізілген оң нәтижелерді атап өтіп, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес шараларын ҚАЖ жүйесінде одан әрі тиімді іске асыру үшін ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін білдірді.
#ЖИТСорталығыАлматы #АИТВпрофилактикасы #ҚАЖменЫнтымақтастық
«Алматы – ортақ үйіміз» – осы ұранмен Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Шара экологиялық жағдайды жақсартуға, азаматтарды қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу және қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
5 шілдеде Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері орталыққа іргелес аумақты ретке келтіру үшін жалпықалалық сенбілікке шықты. Қызметкерлер құрғақ бұтақтарды кесіп, арықтарды тазалап, жолдарды сыпырды. Сапалы жұмыс істеу үшін дәрігерлерге қажеттінің бәрі: қолғап, құрал-сайман, қоқыс жәшіктері берілді.
Барлық қоқыс мұқият жиналып, пакеттерге салынып, әкетілді. Ұжым үйлесімді және тату жұмыстың арқасында аумақты айтарлықтай өзгертіп, қаланы жалпы абаттандыруға үлес қосты.
Мұндай акциялар ЖИТС орталығының ұжымы үшін жақсы дәстүрге айналды.
«Таза Қазақстан» акциясы азаматтарды біріктіріп қана қоймай, қоршаған әлемге жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады. Алматы ЖИТС орталығы алдағы уақытта да осындай бастамаларға атсалысатын болады.
#TazaKazakhstan #TazaKazakhstan #БізТазаҚалаҮшеміз #АлматыБіздіңОртақҮйіміз #БіргеТазалайық
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық кампаниясының аясында ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері 4 маусым күні сенбілік өткізді.
Іс-шараның мақсаты - экологиялық тәлім-тәрбиеге өз үлесін қосу, ауланың санитариялық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Көгалдандыру жұмысына ерекше назар аударылды: қызметкерлер егілген өсімдіктерге күтім жасады, ағаштарды суарды және гүлзарларды жаңартты. Тазалық, жасыл ағаштар мен гүлдер пациенттер мен орталыққа келушілер үшін ыңғайлы жағдайды қалыптастырады.
«Таза Қазақстан» науқаны еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп, мыңдаған мүдделі азаматтарды біріктіруде. Орталықтың медицина қызметкерлері бұл бастаманы белсенді қолдап, болашақта осындай іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.
#АлматыЖИТСорталығы
#ТазаҚазақстан
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «Рахат» перзентханасының гинеколог-дәрігерлері, акушерлері және мейірбикелері АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша тренингке қатысты. Білім беру шарасын Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары өткізді.
Қатысушыларға арналған АИТВ профилактикасының, диагностикасы мен емдеудің негізгі аспектерін қамтитын құрылымдалған және толық бағдарлама әзірленген. Тренингтің басында қатысушылар медициналық ұйымдардағы профилактикалық жұмысты ұйымдастыруды реттейтін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының нормативтік құжаттарымен танысты.
АИТВ-на тестілеу, авариялық жағдайлар (мысалы, иненің кездейсоқ кіріп кетуі) кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмі, сондай-ақ, вирустың жұғу жолдары туралы жалған ақпараттар мәселелеріне ерекше назар бөлінді. Маса шағу, бассейнді бірге қолдану және тұрмыстық байланыстар арқылы АИТВ-ң жұқпау жағдайлары белсенді талқыланды.
Сонымен қатар, жаттығушылар инфекциялық бақылау стандарттарын сақтау маңыздылығына назар аударды. Жүкті әйелдермен жұмыс жасайтын медицина қызметкерлері үшін ерекше маңызды болып табылатын АИТВ-мен өмір сүретін пациенттермен қарым-қатынас құрудың психологиялық аспекттері жеке қаралды.
Қатысушылар алған ақпараттың жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті және ұйымдастырушыларға оқудан өту мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. Осындай іс-шараларды өткізу медицина қызметкерлерінің тұрақты кәсіби позициясын қалыптастыруға және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға көмектеседі.
#АлматыЖИТСорталығы #АИТВпрофилактикасы
25 маусым күні «А.Н.Сызғанов атындағы Ғылыми-хирургиялық орталығы» АҚ медицина қызметкерлері Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ұйымдастырған білім беру тренингіне қатысты.
Іс-шара медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясын алдын алу және осы салада практикалық дағдыларды нығайту мәселелері бойынша хабардар болуын арттыруға бағытталған.
Тренинг мәселенің негізгі аспекттерін қамтитын тақырыптық модульдерге бөлінді. АИТВ-инфекциясының даму кезеңдеріне, жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі профилактикаға, сондай-ақ, диагностика мен пациенттерге уақытылы кеңес беру мәселелеріне ерекше назар бөлінді. Спикерлер АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигматизация және кемсітушілік тақырыптарын да егжей-тегжейлі талқылады.
Қолданыстағы нормативтік базамен, яғни, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіні және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұйрықтары мен әдістемелік нұсқауларымен танысу оқытудың маңызды бөлігі болды. Бұл қатысушыларға іс-әрекеттер алгоритмін және профилактика мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың жауапкершілігін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.
Тренинг қорытындысы бойынша осы салада білімді тұрақты жаңартып тұру маңыздылығын атап өтті және медициналық көмектің сапасын жақсартып, елімізде АИТВ-инфекциясының таралуын төмендетуге ықпал ететін оқыту шараларын жалғастыруға қызығушылықтарын білдірді.
#АлматыЖИТСорталығы #АИТВпрофилактикасы
«Клиника АМD» ЖШС-ң қызметкерлері АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған оқыту тернингіне қатысты.
Іс-шараны Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары өткізді. Тренингтің мақсаты –АИТВ таралуын алдын алудың заманауи жолдары туралы медицина қызметкерлерінің хабардар болу деңгейін арттыру.
Тренинг барысында қатысушылар вирустың берілу жолдары, диагностиканың, антиретровирустық терапияның заманауи әдістері, сондай-ақ, пациенттерге кеңес беру ерекшеліктері туралы өзекті ақпарат алды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигматизация деңгейін төмендету мәселесіне ерекше назар бөлінді.
Спикерлер клиникалық жағдайларға талдау жасап, медицина қызметкерлерімен практикалық нұсқаулармен бөлісті. Биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік стандарттары, жеке қорғаныс шаралары және авариялық жағдайлар кезіндегі алгоритмдер талқыналды.
Қатысушылар дәріс оқушылардың жоғары кәсіби дайындығын және әзірленген материалдың өзектілігін атап өтті. Көбісі медициналық көмектің сапасын арттыру және халық арасында инфекцияның таралуын алдын алу үшін осындай шаралар маңызды екені туралы айтты.
#АлматыЖИТСорталығы #АИТВпрофилактикасы