Новости

Новости



Ауезов ауданының педагогтары АИТВ алдын алу бойынша білімдерін толықтырды. Тренинг 13 қараша күні Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында өтті.

Тренингтің күн тәртібінде АИТВ профилактикасы, тестілеу, сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің деңгейін төмендету мәселелері болды.

Іс-шара интерактивті оқыту форматында өтті. Қатысушылар педагогикалық тәжірибеден нақты оқиғаларды талқылады, тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтарға жауап алды. Жасөспірімдерде өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыруда мектептің рөліне ерекше назар аударылды.

Орталық мамандары Алматы қаласында АИТВ-инфекциясының таралу статистикасын ұсынды, профилактиканың қолжетімді әдістері мен тұрақты тестілеу маңыздылығы туралы айтты. Жастарды хабардар ету және төзімділікті дамыту профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттары болып табылатыны туралы ескертті.

#ЖИТСорталығыАлматы #стопАИТВkz



А. Е. Дербисалиева, Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігері 13 қараша күні Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің білімгерлеріне арналған дәріс оқыды. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының профилактикалық шаралары мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау маңыздылығы талқыланды.

Іс-шара жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай өткізілетін ақпараттық науқан аясында өтті. 110 астам білімгер вирустың таралу жолдары, сонымен қатар, қорғаныстың және тестілеудің заманауи әдістері туралы білім алды.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендетумен байлансты мәселелер қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Дәрігер төзімділік, хабардар болу және бір-біріне құрмет білдіру – ол әрбір адам қолдауды сезінетін салауатты қоғамның негізін құрайтыны туралы айтты.

Сондай-ақ, жастар арасында сенімді қарым-қатынас және денсаулық туралы ашық диалог тақырыптары да талқыланды.

#ЖИТСорталығыАлматы #стопАИТВkz



«Қайрат» футзал клубының футболшылары Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне орай «Сын - қатерлерден-АИТВ-ға жауап берудегі өзгерістерге» ұранымен өтетін ақпараттық науқанға белсенді қатысты. Ойыншылар АИТВ-ға жауап беру сөзден емес, нақты істерден басталатынын көрсетті.

Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ниет білдірген барлық спортшылар мен клуб мүшелері үшін экспресс-тестілеу өткізді. Қатысушылар өздерінің АИТВ-мәртебесін тегін және жасырын түрде біле алды, сонымен бірге, мамандарға қорғаныс шаралары туралы сұрақтар қойды.

Тестілеумен бірге спортшылар мен жаттықтырушылар үшін қорғаныс тәсілдері, тұрақты тексерулердің маңыздылығы мен АИТВ-ға байланысты жалған ақпараттар туралы ағартушылық әңгімелесу жүргізді. Медицина қызметкерлері заманауи терапия оң нәтижесі бар адамдарға толыққанды өмір сүру және спортпен шұғылдану мүмкіндігін беретінін атап өтті.

«Қайрат» ойыншлары аталған бастамаларға қолдау көрсетеіндерін білдірді және спорт – денсаулық, төзімділік пен жауапкершілік идеяларын насихаттау үшін тиімді өріс болатынын ескертті.

#ЖИТСорталығыАлматы #стопАИТВkz



Алматы қаласындағы Өрт сөндіру қызметінің мамандандырылған жасағы Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне орай «Сын - қатерлерден-АИТВ-ға жауап берудегі өзгерістерге» ұранымен өтетін ақпараттық науқанға қосылды.

12 қараша күні Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары өрт сөндірушілерге арнап тренинг өткізді. Олар қатысушыларды АИТВ таралу жолдары мен вирустан қорғану тәсілдерімен таныстырды. Жаттықтырушылар АИТВ қалай берілмейтіні және тұрақты тексеруден өтіп тұру маңыздылығы туралы айтты. АИТВ-инфекциясын диагностикалау және оны емдеу тақырыптары талқыланды.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері ерекше талқыланды.

Тренинг барысында өрт сөндірушілер вирусқа қатысты жалған ақпаратқа қатысты сұрақтар қойды, командада бірі-біріне сену және көмектесу маңыздылығы жайлы ой-пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар осындай кездесулер стереотиптерді бұзуға және өзінің денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыруға көмектеседі деді.

«Сын - қатерлерден-АИТВ-ға жауап берудегі өзгерістерге» атты науқан жалғасуда.



11 қараша күні Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне орай өткізіліп жатқан ақпараттық науқан аясында Алматы қаласындағы №1 гимназияның оқушыларына арнап тернинг өткізді.

Сенімді және достық жағдайда жаттықтырушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығына қамқорлық жасау туралы айтты.

Викторина форматында оқушылар АИТВ жұқтыру жолдары мен қорғану шаралары туралы сұрақтарға жауап берді. Дәрігерлер қателер мен дәлсіздіктерді дереу түзеп, оларды егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ-ға тестілеудің маңыздылығы түсіндірілді. Дәрігерлер инфекцияны ерте анықтау көптеген жылдар бойы денсаулық пен өмір сапасын сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мамандар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы және кемсітушілікті азайту қажеттілігіне ерекше назар аударды. Жасөспірімдерді диагнозына қарамастан әр адамға төзімділік, өзара түсіністік және құрмет көрсетуге шақырды.



Алматы жоғары медициналық колледжінің білімгерлері АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған семинарға қатысты.

Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында өтті.

Қатысушылар алдында Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының тәжірибелі дәрігерлері сөз сөйледі. Спикерлер АИТВ-ның алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістері туралы айтып, инфекцияны ерте анықтаудың маңыздылығын атап өтті.

Семинар барысында қауіпсіз мінез-құлық, денсаулықты қорғау және вирустың таралуын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Болашақ дәрігерлер медицина қызметкерлерінің халықты ағартудағы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигманың деңгейін төмендетудегі маңызды рөлін ескертті.

Кездесу барысында білімгерлер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, заманауи дәрігерлердің салауатты қоғамды қалыптастыруға қалай ықпал ететіні туралы өз ойларымен бөлісті. Пациенттердің нақты оқиғалары да ұсынылды, бұл қатысушыларға мәселенің эмоционалды және әлеуметтік жағын тереңірек түсінуге көмектесті.

Мұндай семинарлар білімгерлерге қажетті білім алуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық денсаулық мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.



Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің білімгерлері 11 қараша күні АИТВ алдын алу туралы дәріске қатысты. Іс-шараны Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ақпараттық кампанияның шеңберінде өткізді. Дәріс интерактивті форматта өтті: білімгерлер сұрақтарды белсенді қойып, мамандардың егжей-тегжейлі жауаптарын алды. АИТВ-ң таралу және таралмау жолдары? Тестілеуден тұрақты түрде өтіп тұрудың маңыздылығы неде? АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың вирустық жүктемесін басатын қандай заманауи препараттар бар? Осы және басқа да сұрақтар кездесуге қатысушыларды мазалады.

Медицина қызметкерлері ақпараттандырылу мен уақытылы жүргізілген профилактика денсаулықты қорғаудың негізгі қадамдары екенін атап өтті. Олар диагностиканың заманауи әдістері мен тегін тестілеудің мүмкіндіктері туралы айтты.

Білімгерлер осындай дәрістердің маңыздылығын атап өтті, себебі, білім ғана стереотиптерді жоюға және өзінің және қоршаған адамдардың денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыруға көмектеседі.

#ЖИТСорталығыАлматы #АИТВпрофилактикасы



Алматы көпсалалы колледжінде 10 қараша күні АИТВ алдын алу бойынша тренинг өткізілді.

Оны Алматы қалалық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары өткізді.

Тренинг барысында медицина мамандары вирустың таралу жолдары мен қорғаныс шараларын талқылады. Қатысушылар тестілеудің маңыздылығын, салауатты өмір салтын ұстануды және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды талқылады.

Жастар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, интерактивті шаралар мен викториналарға белсенді қатысты.

Білімгерлердің айтуынша, тренинг оларға көптеген стереотиптерді жоюға және АИТВ-ның алдын алу туралы сенімді ақпарат алуға көмектесті. Дәрігерлер бұл іс — шара 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан басталған күні өтіп жатқанын атап өтті. Науқан бір айға созылады. Бұл күндері Алматыда АИТВ туралы білімді насихаттауға бағытталған тренингтер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өтеді.

#ЖИТСорталығыАлматы #стопАИТВkz



Алматы АИТВ-ң анадан балаға берілудің нөлдік көрсеткіштеріне қол жеткізді

2025 жылы Алматыда жаңа туылған сәбилер арасында АИТВ-инфекциясының ешбір жағдайы тіркемеді. Бұл маңызды көрсеткіш жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер арасында медицина қызметкерлері іске асыратын АИТВ-ның алдын алу шараларының тиімділігін растайды.

АИТВ-ның тік (анадан балаға) берілуінің алдын алу медицина қызметкерлеріне вирусты тиімді бақылауға, ал АИТВ — мен ауыратын әйелдерге сау бала тууға мүмкіндік береді.

Қазақстанда әйелдер консультацияларында есепте тұрған барлық жүкті әйелдерге екі рет жоспарлы тестілеу өткізіледі. Бұл АИТВ-инфекциясын ерте анықтауға және емдеуді уақтылы бастауға мүмкіндік береді.

Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Марат Төкеевтің айтуынша, «Алматыда АИТВ-мен ауыратын барлық жүкті әйелдер мен жаңа туған сәбилер профилактикалық еммен толық қамтылған. Дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтай отырып, балаға вирустың берілу қаупі нөлге дейін азаяды».

Төмен вирустық жүктеме кезінде әйел өздігінен босануы мүмкін, ал жоғары жүктеме кезінде кесарь тілігі тағайындалады. Бала туылғаннан кейін бірден шырын (сироп) түрінде профилактикалық ем тағайындалады. Бала 1,5 - 2 жасқа дейінгі ЖИТС орталығының мамандарының бақылауында болады және бірінші жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында тегін сүт қоспаларымен қамтамасыз етіледі. Осы уақыт ішінде АИТВ-ға бірнеше тексерулер жүргізіледі.

Егер 18 айға дейін барлық нәтижелер теріс болып қала берсе, бала есептен шығарылады-бұл оның денінің саулығын ресми түрде растайды. 2025 жылдың басынан бастап АИТВ-мен перинаталдық байланысы бар 66 бала «дені сау» диагнозымен есептен шығарылды.

Сарапшылар сонымен қатар жүкті әйелдердің антиретровирустық терапияға деген ұмтылысының артқанын атап өтті. Бұған инфекционист, педиатр, гинеколог, психолог, учаскелік медбике және әлеуметтік қызметкердің қатысуымен мобильді бригадалардың жұмысын қамтитын көпсалалы тәсілді енгізу ықпал етеді. Антиретровирустық терапияның заманауи режимдерін — күніне бір рет қабылданатын белгіленген дозаларда біріктірілген препараттарды қолдану да маңызды рөл атқарды.

1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Алматыда АИТВ-ның алдын алу туралы хабардарлықты арттыруға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы төмендетуге бағытталған науқандар, дөңгелек үстелдер, флешмобтар және ағарту іс-шаралары өтеді.

Науқан аясында «Сын - қатерлерден-АИТВ-ға жауап берудегі өзгерістерге» ұранымен спорттық іс-шаралардың көрермендері, ұйымдар қызметкерлері мен студенттер үшін АИТВ-ға жедел тестілеумен науқандар өткізілетін болады.

Сондай — ақ, АИТВ туралы мифтерді жою және АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдер мен жастарды қолдау үшін жанды диалог форматында «ВИЧеринка» интерактивті жастар іс-шарасы өтеді.

АИТВ — мен өмір сүретін адамдар үшін арнайы мамандармен: дерматолог, маммолог, фтизиатр және онкологпен кеңесу ұйымдастырылады. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында 21 қарашада «Ашық есік күні» өтеді, онда әрбір адам дәрігерлерден кеңес алып, АИТВ-ға тексеруден өте алады.



Алматы халықаралық инженерлік-технологиялық колледжінің жүзден астам студенті АИТВ-ның алдын алу бойынша білімдерін кеңейтті.

Студенттерге арналған тренингті 6 қарашада Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медициналық мамандары өткізді.

Қатысушылар вирустың таралу жолдары мен қорғаныс шараларын талқылады. Тестілеу туралы маңызды ақпарат, сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және дене шынықтырумен айналысуға ынталандыру өзекті болып қала береді.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту қажеттілігі туралы сессия қызықты болды.

Жастар талқылауға белсенді қатысып, мамандарға сұрақтар қойып, АИТВ тақырыбы бойынша ақпараттандырудың маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Студенттер мұндай кездесулер мифтерді жоюға, өз денсаулығына және басқаларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.

#орталықЖИТСАлмати #алдыналуАИТВ

Посмотреть на карте Алматы