Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Дұрыс жолды таңда – адам құқығы жолы» ұранымен акция аясында, Алматы қаласының ЖИТС орталығы 22 қараша күні алматылықтарды АШЫҚ ЕСІК күніне шақырды.
Таңертеңнен қызығушылық танытқандар Бәсенова көшесі 2, 4-ғимарат мекенжайына асықты. Мұнда медицина қызметкерлері мен еріктілер күтіп тұрды. Сапар әрбір алматылық үшін қызықты әрі пайдалы болды.
Жыл сайын, Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес күніне орай ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері ЛА-11 колония-мекемесіне келеді.
Осы жылы да олар дәстүрді бұзған жоқ. Медицина қызметкерлері жасөспірімдер колониясына «Равный-равному плюс» Қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен бірге келді. Медицина қызметкерлерінен және еріктілерден тұратын десант колония тәрбиеленушілеріне «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңда!» ұранымен өтетін Дүниежүзілік науқаны туралы айтты.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні шеңберінде Алматы қ. ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері «Пана» әлеуметтік бейімделу орталығында болды.
Орталық 2000 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Бұл жерде тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға көмек көрсетіледі. Сонымен бірге, бұл жерде мүгедектігі бар адамдар да бар.
ЖИТС қарсы күрес күніне орай өткізілетін Дүниежүзілік науқанына Алматы да қосылды.
Бұл күндері Алматы қаласындағы ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері мектептерде, орта білім беру мекемелерінде және бизнесс-құрылымдарда тернингтерді белсенді өткізді.
Алматы қаласында өзін-өзі тестілеу АИТВ-ң алдын алудың тиімді трендіне айналуда. .
АИТВ-ға өзін өзі тестілеу енгізілген екі жылда 6 мыңнан астам алматылық осы қызметті қолданып, өздерінің АИТВ-мәртебесін білді. АИТВ-ға онлайн түрде өзін-өзі тестілеу, әсіресе халықтың негізгі топтары (еркектермен жыныстық қатынастағы еркектер, инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар, трансгендерлік адамдар) арасында тестілеумен қамтуды кеңейтудің тиімді құралы болып табылады. «Тесттер қолдану үшін қарапайым және күрделі манипуляцияларды қажет етпейді, сонымен бірге олардың сезімталдығы жоғары және айтарлықтай дәл нәтиже береді», - деп Алматы қаласы ҚДБ «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» директоры Марат Төкеев түсіндіреді.
Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері 175 гимназия оқушыларына семинар өткізді.
Дәрігерлер АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен қорғау шаралары туралы айтты.
Жұқпалы аурулар дәрігерлеріне арналған семинар Алматы қаласының ЖИТС орталығында өтті. Оны - С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ "АИТВ – инфекциясы және инфекциялық бақылау" курсының жетекшісі, мғд, профессор Ж.С. Нұғманова, жүргізді.
Қатысушылар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды осы инфекциядан емдеуге негізгі кедергі болып табылатын жасырын АИТВ-ны жоюға бағытталған соңғы ғылыми жетістіктермен танысты.
Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері оқушыларға АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша дәрістер өткізеді.
Жақында дәрігерлер №144, 34, 133 мектептерде болып, "Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы" ҮЕҰ өкілдерімен бірге оқушыларға АИТВ жұқтыру жолдары мен қорғау шаралары туралы айтып берді.
Қазақстан Республикасы күнімен!
Құрметті әріптестер және достар! Сіздерді Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймыз!
Репродуктивті медицина институтының акушер-гинекологтарымен және акушерлерімен өткен кеңесте...
Репродуктивті медицина институтының акушер-гинекологтарымен және акушерлерімен өткен кеңесте, Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерінің АИТВ-инфекциясына тестілеудің өзекті мәселелерін талқылады.