Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы ЖИТС-ке қарсы күрестің Дүниежүзілік күніне арналған ақпараттық науқан аясында жастарға арналған бірқатар ағартушылық іс-шаралар өткізуде. Бұл іс-шаралардың мақсаты – жастардың АИТВ туралы, оның берілу жолдары мен алдын алу шаралары жайлы білімін арттыру.
26 қарашада Алматы сервис және технологиялар колледжінің 130-дан астам студенті АИТВ-ның алдын алу бойынша тренингке қатысты. Сабақ барысында жастар эпидемиологиялық жағдай, мифтер мен шындықтар, сонымен қатар үнемі тестілеудің маңыздылығы жайлы өзекті ақпарат алды.
Тренинг интерактивті форматта өтті: қатысушылар топпен жұмыс істеп, тақырыптық тапсырмаларды орындады және өмірлік жағдайларды талқылады. Мұндай тәсіл жастардың тәуекелдерді жақсы түсініп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.
Орталық мамандары студенттерге сұрақ қоюдан қорықпауға, кеңес алуға және алған білімдерімен қатарластарымен бөлісуге кеңес берді.
#стопВИЧkz #центрСПИДАлматы
Алматы қаласының студенттері ЖИТС-ке қарсы дүниежүзілік күнге арналған ақпараттық науқанға белсенді қатысуда. Бұл іс-шаралар жастардың АИТВ туралы хабардарлығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін нығайтуға бағытталған.
26 қараша күні Алматылық гуманитарлық-педагогикалық колледждің 200-ден астам студенті акцияға қатысты. Жастар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерін талқылауға белсене араласты.
Іс-шара барысында Алматы қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары студенттерге дәріс пен интерактивті жаттығулар өткізді. Медициналық қызметкерлер вирус жұғу жолдары, қорғану тәсілдері және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы баяндады.
#стопВИЧkz #центрСПИДАлматы
24 қараша күні Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары 93-мектеп оқушыларына АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өткізді. Шараға 50-ден астам оқушы қатысты.
Дәріс барысында дәрігерлер оқушыларға АИТВ вирусының табиғаты туралы айтып, инфекцияға қатысты кең тараған мифтерді жоққа шығарды. Әсіресе, АИТВ тұрмыстық жағдайда жұқпайтыны және күнделікті қарым-қатынаста қауіп төндірмейтіні ерекше атап өтілді.
Мамандар АИТВ-ның берілу жолдарын жан-жақты түсіндіріп, сақтық шараларын сақтау мен жауапты мінез-құлықтың маңыздылығына тоқталды. Оқушылар вирустың таралу қаупін азайтудың нақты жолдарын білді.
Дәрістің жеке блогы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік пен құрметпен қарау тақырыбына арналды. Дәрігерлер стигма мен кемсітудің қоғамға аурудың өзінен де көбірек зиян келтіретінін атап өтті.
Шара барысында оқушылар белсенді сұрақ қойып, талқылауға қатысты.
#AlmatyЖИТСорталығы #АИТВтоқтат
Интерактивтік дәріс
БҰҰ ЮНЭЙДС-тің «Қиындықтардан – АИТВ-ға қарсы әрекеттегі өзгерістерге» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары 5571 әскери бөлімінде интерактивтік дәріс өткізді.
Іс-шара АИТВ-инфекциясының алдын алуға және салауатты өмір салтын ұстануға мотивация беруге арналды.
Медицина қызметкерлері әскери қызметшілерге АИТВ-тны берілу жолдары, қазіргі заманғы диагностикалау әдістері және тиімді емдеу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Ерте жүгінуге кедергі келтіретін кең тараған мифтерге ерекше көңіл бөлінді.
Қатысушыларға ақпаратты жақсырақ түсіну үшін оқыту материалдары, бейнероликтер мен инфографика ұсынылды. Интерактивті форматтың арқасында әр адам өз сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі кәсіби жауап алды.
#центрСПИДАлматы #стопВИЧkz
https://www.facebook.com/reel/1528247875047809?locale=ru_RU
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінде ДДСҰ-ның «Қиындықтардан — АИТВ-ға қарсы әрекеттегі өзгерістерге» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция өтті.
Іс-шара 24 қараша күні Қазақстанның жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы (КМПА) мен «Шеврон» компаниясы, сондай-ақ Алматы қаласының ЖИТС орталығының серіктестігімен «Болашағымызды бірге жоспарлайық!» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Қатысушыларды ұйымдастырушылардың өкілдері — «Шеврон» компаниясынан Ж. Қошпанова және КМПА-дан И. Юзкаева жылы қарсы алды. Алматы қалалық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері А. Джуманова вирус тарихы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы айтып берді. АИТВ-ның әлем мен елдегі жағдайы туралы Еуразиялық Әйелдер ЖИТС желісінің қоғамдастықпен жұмыс және адвокация жөніндегі кеңесшісі Л. Воронцова ақпарат берді.
Студенттер АИТВ-инфекциясының алдын алу тәсілдері мен жұғу жолдары бойынша викторинаға белсенді қатысып, жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды. Өз АИТВ-статусын білгісі келген студенттерге өзін-өзі тестілеу жиынтықтары таратылды.
Мамандар инфекцияны дер кезінде анықтау денсаулықты сақтауда шешуші рөл атқаратынын түсіндірді. Іс-шарада АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы жоюға ерекше көңіл бөлінді. Сарапшылар қазіргі терапия әдістері толыққанды әрі белсенді өмір сүруге мүмкіндік беретінін, ал вирустық жүктемесі анықталмайтын адамдардың АИТВ-ны жыныстық жолмен таратпайтынын атап өтті. Бұл ақпарат жастардың қызығушылығын тудырып, талқылау тақырыбына айналды. «Болашағымызды бірге жоспарлайық!» жобасы аясында Астана мен Алматы қалаларындағы ЖОО және колледж студенттері жан-жақты жыныстық білім беру бойынша оқудан өтуде, ал жастар денсаулық орталықтарының мамандары репродуктивті денсаулық, оның ішінде АИТВ тақырыптары бойынша білім алуда.
https://www.facebook.com/reel/823281830574941?locale=ru_RU
24 қараша күні Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері «Medex Partners» ЖШС мен «Бекзат» ЖК бизнес-құрылымдарында АИТВ-ның алдын алу бойынша тренингтер өткізді.
Медицина қызметкерлері қатысушыларға АИТВ инфекциясынан қорғану шаралары мен профилактиканың түрлері, соның ішінде алдын ала және кейінгі байланыс профилактикасы туралы кеңінен ақпарат берді.
Мамандар АИТВ-ға тест тапсырудың маңыздылығына ерекше тоқталып, оны қайда және қалай жасырын әрі тегін өтуге болатынын түсіндірді. Тренингке қатысушылар күнделікті өмірде және жұмыс орнында жұқтыру қаупін азайтуға арналған нақты ұсынымдар алды. Дәрігерлер кең таралған мифтерді жоққа шығарып, АИТВ туралы ғылыми негізделген түсініктің қалыптасуына ықпал етті.
Сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселесіне назар аударылды. Дәрігерлер қолдаушы әрі ақпараттандырылған корпоративтік ортаның барлық қызметкерлердің денсаулығын сақтауға оң әсер ететінін атап өтті.
#центрСПИДАлматы #стопВИЧkz
Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері 21 қараша күні «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығында «Тексеріл! Біл! Өмір сүр!» атты екі ақпараттық-сауаттандыру акциясын өткізді.
Медициналық мамандар қатысушыларға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары және заманауи профилактикалық тәсілдер туралы айтып берді. 250-ден астам адам мамандардан нақты әрі сенімді ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауап алды. Сонымен қатар, дәрігерлер АИТВ-ға уақтылы тест тапсырудың маңыздылығын еске салды.
Акция барысында АИТВ инфекциясына қатысты стигманы азайту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Дәрігерлер қазіргі антиретровирустық терапияның арқасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар толыққанды, белсенді әрі ұзақ өмір сүре алатынын атап өтті. Уақытында анықталған инфекция тиімді емдеуге және жаңа жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Шара аясында қалағандардың барлығы 20 минут ішінде нәтижесі дайын болатын экспресс-тестіден өтті. Акция Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық кампания шеңберінде, ЮНЭЙДС-тің «Қиындықтардан — АИТВ-ға қарсы әрекеттегі өзгерістерге» ұранымен өткізілді. Науқан 10 желтоқсанға дейін жалғасады.
#центрСПИДАлматы #стопВИЧkz
Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері 21 қараша күні мектеп оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша интерактивті дәрістер өткізді.
Сабақтар Алматы қаласы Спорт басқармасының спортқа бейім дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында және А.Қ. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында өтті.
АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында өткен шараларға 300-ден астам оқушы қатысты. Бұл дәрістер Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған ақпараттық науқан аясында өтті.
Медицина мамандары АИТВ-ның берілу жолдары, жеке қауіпсіздік шаралары және денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы қарапайым әрі түсінікті тілде айтып берді. Сонымен қатар, бүгінге дейін сақталып келген мифтер мен қате көзқарастардың мәні ашылып, оқушылармен интерактивті сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Мектеп мұғалімдері осындай кездесулердің маңызын атап өтіп, оқушылардың қажетті әрі сенімді ақпаратты тікелей мамандардан алуына мүмкіндік бергенін жеткізді.
#центрСПИДАлматы #стопВИЧkz
Алматы қалалық ЖИТС орталығының мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастыруда.
21 қараша күні «Экспресс» және «Оңтүстік» филиалдарының жолсеріктері үшін акциялар өтті. Қатысушылар АИТВ инфекциясының алдын алу негіздерімен танысып, вирус қалай берілетіні туралы ақпарат алды.
Медицина қызметкерлері теміржолшыларды АИТВ-ға тестілеуден өтуге ынталандырды, өйткені өз мәртебеңді білудің жалғыз жолы — тестілеу. Кездесу барысында мамандар тұрақты тексерістен өтудің маңыздылығын атап өтті. Ауруды ерте анықтау емдеуді уақтылы бастауға мүмкіндік береді және өмір сапасын толық сақтауға көмектеседі.
Теміржол қызметкерлері сұрақ қойып, пікір алмасуға белсенді қатысты. Врачтар қазіргі диагностика әдістері, емдеу тәсілдері мен АИТВ туралы кең таралған жаңсақ пікірлер жайлы түсініктеме берді. Тәуекел тудырмайтын жағдайлар мен қалада тестілеуден жасырын және тегін өту мүмкіндігі туралы да айтылды. Іс-шара қорытындысында көптеген қызметкер экспресс-тестілеуден өтіп, мамандардан кеңес алды.
#центрСПИДАлматы #стопВИЧkz
Алматы жастары АИТВ туралы көбірек білуде ЮНЭЙДС-тің «АИТВ-ге қарсы әрекетте: қиындықтардан — өзгерістерге» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында Алматы қаласының ЖИТС орталығының мамандары жастармен белсенді кездесулер өткізуде.
20 қараша күні «Денсаулық кілті» жастар денсаулық орталығында акция ұйымдастырылды. Іс-шараға 60-тан астам жас жігіт пен қыз қатысты. Медициналық қызметкерлер АИТВ-нің жұғу жолдары мен қорғану шаралары туралы ақпарат берді. Талқылау барысында денсаулыққа қатысты түрлі тақырыптар қозғалды: салауатты өмір салтының артықшылықтары және жеке жауапкершілікті арттыру маңыздылығы.
АИТВ-ға тестілеу тақырыбы ерекше қызығушылық тудырды. Дәрігерлер АИТВ-ға тестті тіркелген емханаңызда немесе ЖИТС орталығында тегін әрі құпия түрде тапсыруға болатынын айтты. Қалағандар экспресс-тестілеуден өтіп, кеңес алып, өз АИТВ-статусын білді.
Қатысушыларға әсіресе қауіп төндіретін жағдайлар болғанда немесе өз денсаулығына сенімді болғысы келгенде, үнемі тексеріліп тұру қажеттілігі ескертілді. Мамандар ерте диагностиканың маңыздылығын атап өтіп, ол дер кезінде қажетті көмекті алып, өмір сапасын жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік беретінін түсіндірді. Сонымен қатар дәрігерлер АИТВ-инфекциясын емдеудің заманауи тәсілдері туралы айтып, антиретровирустық терапияның арқасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар толыққанды және белсенді өмір сүре алатынын атап өтті.
Жастар үшін АИТВ туралы мифтерді жоққа шығаруға бағытталған интерактивті викториналар мен шағын тренингтер өткізілді. Мұндай форматтар ақпаратты жақсырақ меңгеруге және өзекті сұрақтарды ашық талқылауға мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық кітапшалар таратылды.
#центрСПИДАлматы #стопВИЧkz
https://www.facebook.com/reel/1377276400724713?locale=ru_RU