Алматы қ.ЖИТС орталығының 30-дан астам дәрігері семинарға қатысып, медициналық ұйымдағы инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау туралы білімдерін толықтырды.
Инфекциялық бақылау - бұл пациенттер мен медициналық персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, әрбір медициналық ұйымдағы міндетті стандарт.
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Қатысушылар медициналық ұйымда АИТВ-инфекциясын алдын алу жұмысын ұйымдастыру үшін ҚР ДСМ-ң және Алматы қ. ҚДБ-ң реттеу құжаттарын егжей-тегжейлі зерттеді.
Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері онлайн режимде 2024 жылға арналған жұмысты қорытындылап, 2025 жылға арналған міндеттерді белгіледі. Есепті талқылауға Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының, аудандық медициналық ұйымдардың қызметкерлері, бақылау кеңесінің мүшелері қатысты.
Орталық директоры М.С.Төкеев баяндама жасады. Ол өткен жылы кешенді шаралар арқылы 15-49 жас аралығында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейін 0,50 деңгейінде ұстап тұру бойынша мақсатты индикаторға қол жеткізілгенін атап өтті. Қала аудандары бойынша АИТВ-инфекциясының таралуы біркелкі емес. Ең жоғарығы көрсеткіш Бостандық және Түрксіб аудандарында байқалады.
Алматы қ. ЖИТС орталығының дәрігерлері, "Алматы қ.бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің" (№72, №11, №13 мекемелері) және Алматы қ. ҚДБ "№24 қалалық емхана" ШЖҚ КМК қызметкерлерімен өткен кеңесте, 2024 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындылары мен келген жылдың жоспарларын талқылады.
ЖИТС орталығының дәрігерлері қатысушыларды 17.03.2023 ж.ҚР ДСМ 180 ересектердегі АИТВ - инфекцияларын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасымен, сондай-ақ мегаполистегі АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.
Алматы қ.ЖИТС орталығының қызметкерлері 16 қаңтарда Қалалық Тері-Венерологиялық Диспансердің (КВД) және достық кабинеттерінің (ДК) әріптестерімен 2024 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығару бойынша кеңес өткізді. Кеңес жұмысына аутрич қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар бүгінде қалада халықтың негізгі топтары арасында АИТВ алдын алуды арттыру үшін 10 сенім пункті жұмыс істейтінін атап өтті. "Зиянды азайту" бағдарламасы бойынша емханада ҚТВД-де және Алматы қаласының ЖИТС орталығында Достық кабинеттер жұмыс істейді. Оларда негізгі топтардағы пациенттерге АИТВ-инфекциясы, ЖЖЖИ, АИТВ жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлық нысандары, тестілеу туралы ақпарат тегін негізде беріледі. Өтініш білдірушілер презервативтермен, ақпараттық материалдармен қамтамасыз етіледі, АИТВ-ға жедел тест жасай алады. Қажет болған жағдайда адамдар тері-венерологиялық диспансерге жіберіледі.
Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күре с орталығының мамандары басқа ведомстволардағы әріптестерімен бірлескен жұмыстың қорытындысын шығару бойынша жұмыс кездесулерін жалғастыруда.
Жұмыстың тиімділігін арттыру туралы мүдделі әңгіме 20 қаңтарда психикалық денсаулық және есірткі қызметі орталығының, сенім пункттерінің өкілдерімен өтті.
Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері ЖШС "Нұрай" Эко-клиникаларында 15 қаңтарда семинар өткізді.
АИТВ-ны алдын-алу туралы білім бүгінде әр адамға, әрине, дәрігерлер үшін де өзекті. Семинарда қандай берілу жолдары бар, АИТВ-дан қорғау әдістері және тағада басқалар айтылды.
Құрметті әріптестер мен достар, Сіздерді Жаңа 2025 жылмен құттықтаймыз!
Келер жыл көптеген мүмкіндіктер әкелсін, әр күнді қуанышқа толтырсын, армандарды шындыққа, ал барлық күш — жігерді керемет нәтижелерге айналдырсын!
Алматылық «Реванш» қоғамдық қоры Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай акция өткізді.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Ерлан Стамбековтің, сондай-ақ «Hi-Oнер» Art агенттігінің, режиссерлер Людмила Бурлаченко мен Катерина Дзвониктің қолдауымен дайындалған «Уақыт өзені» спектаклі болған акция, терең эмоционалды із қалдырды.
Алматыдағы СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері футбол жанкүйерлерін ВИЧ инфекциясына тексерді.
Бұл күндері SADU Arena-да футзалдан ел чемпионаты өтуде. Ең қызу әрі қызықты кездесулердің бірі атақты «Қайрат футзал» мен «Ақтобе» ҚФФ командалары арасында өтті.