Новости

Новости



Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері 28 қаңтарда қалалық тері -венерологиялық диспансердің, Достық кабинетінің медицина қызметкерлерімен және халықтың негізгі топтарының аутрич қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізді.

Қатысушылар, АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдайды және 2025 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындыларын талқылады.

Өткен жылдың оң үрдістері - профилактикалық бағдарламалармен және ЕЖЕ және СҚ экспресс - тестілеумен қамтудың өсуі.

"Зиянды азайту" бағдарламасы бойынша Алматы қаласында, 3 Достық кабинеті жұмыс істейді. Бір жыл ішінде оларға келген негізгі топтар өкілдерінің саны артты.

Жеке тақырып контактіге дейінгі профилактикамен жағдайды талқылады. Оның жақтастарының саны жыл сайын артып келеді. Процесті одан әрі танымал ету қажет.

Жиналғандар проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы айтты. Достық кабинеттердің жұмысын күшейту, ЖЖБИ диагнозы анықталған АИТВ-ға тексерілген адамдардың санын көбейтуге қол жеткізу ұсынылды.

Жұмыс кеңесіне қатысушылар бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру жоспарларын белгіледі.

#орталықжитсалматы #жылқорытындысы



27 қаңтарда Алматы қаласындағы № 68 мектепте, АИТВ-ның алдын алу бойынша интерактивті дәріс өтті.

Алматы ЖИТС орталығының дәрігерлері тақырыптың негізгі түсініктері, берілу жолдары және АИТВ-дан қорғану шаралары туралы айтып берді.

Іс-шара аясында, оқушылар стигма мен кемсітушіліктің АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қалай әсер ететіні туралы білді, нақты оқиғалармен танысты.

Дәрістің мақсаттарының бірі - салауатты өмір салтын ұстануға және денсаулықты сақтауға ынталандыру. Қатысушылар АИТВ-ға неге жүйелі түрде тестілеуден өту керек, мұны қайда жасауға болады, сондай-ақ, тестілеу түрлері туралы толық ақпарат алды.

Дәрісте вирусқа қарсы қандай шаралар тиімді екендігі туралы сұраққа жауап берілді.

Балалар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және АИТВ туралы тағы бір дәріс өткізуді сұрады.

#алдыналуАИТВ #орталықЖИТСАлматы #тоқтаАИТВkz



Алматы техникалық-экономикалық байланыс колледжінің студенттері, 27 қаңтарда өткен тренингте АИТВ-ның алдын алу бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдірді.

Тренингті Алматы ЖИТС орталығының мамандары ұйымдастырды, олар жастарды тұрақты негізде оқытады.

Қатысушыларға АИТВ-инфекциясының негізгі берілу жолдары, алдын алудың заманауи әдістері, соның ішінде байланысқа дейінгі әдістері туралы айтылды. Іс-шараның маңызды аспектісі тұрақты тестілеу қажеттілігі туралы ақпарат болды. Бұл өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың денсаулығын сақтауға қамқорлық жасаудың бір бөлігі.

АИТВ-ның қалай берілмейтіні туралы тақырыпқа ерекше назар аударылды: күнделікті өмірде, бассейнде, моншада жалпы заттарды пайдалану кезінде. Тренинг интерактивті форматта өтті: Студенттер талқылауға қатысып, сұрақтар қойды.

Қорытындылай келе, негізгі ұғымдарды білуге арналған викторина өткізілді, дәрігерлер студенттермен бірге дұрыс емес жауаптарды талдады.

#орталықЖИТСАлматы #алдыналуАИТВ



Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері 26 қаңтарда, Алматы политехникалық колледжінің студенттеріне тренинг өткізді.

Тренинг барысында мамандар студенттерге АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алудың заманауи әдістері және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы айтып берді. АИТВ-мен байланысты мифтер мен стереотиптерді жоюға ерекше назар аударылды, олар әлі күнге дейін қоғамда кең таралған.

Іс-шара интерактивт і форматта өтті: қатысушылар белсенді сұрақтар қойды, талқылаулар мен практикалық тапсырмаларға қатысты. Бұл тәсіл студенттерге ақпаратты жақсы меңгеруге және өз денсаулығын сақтау үшін жеке жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, Орталық қызметкерлері АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділіктің маңыздылығын атап өтті. Студенттерге ,АИТВ күнделікті өмірде берілмейтінін және кемсітушілік тек әлеуметтік мәселелерді ушықтыратынын еске салды.

Кездесу аясында білім алушыларға пайдалы кеңестер мен ұйымдардың байланыс деректері бар ақпараттық материалдар таратылды, онда кеңес алуға және тестілеуге жүгінуге болады.

#орталықЖИТСАлмати #алдыналуАИТВ



Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері мен ҚАЖД қызметкерлері 2025 жылғы бірлескен жұмысты қорытындылады.

ҚАЖД және №24 қалалық емханамен бірлескен жұмыс нәтижелерімен қатысушыларды, эпидемиологиялық бөлім меңгерушісінің м .а. А. Перваева таныстырды. Ол ҚАЖД мекемелерінде АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының төмендеу үрдісін атап өтті. Бас бостандығынан айыру орындарында анықталу көрсеткіші де 2024 жылмен салыстырғанда төмендеуде. Бұл АИТВ-ға тексерулер санының артуы аясында. Профилактика бойынша арнайы контингентті білім беру жұмысымен қамту артып келеді. Дәрігерлер қызметкерлер мен арнайы контингент үшін вирустың таралу жолдары мен қорғау шаралары туралы дәріс оқиды, ақпараттық-білім беру материалдарын таратады. Проблемалық мәселелердің ішінде кеңеске қатысушылар АИТВ-ға тексеруді, әсіресе сотталғандарды босатар алдында бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы А. Ботебаева зертханалық диагностикадағы аналитикаға дейінгі кезеңге қойылатын талаптар туралы айтып берді. Емдеу бөлімінің меңгерушісі А. Әлімбекова ересектердегі АИТВ-инфекциясын емдеу бойынша клиникалық хаттама туралы презентация ұсынды.

#Орталық ЖИТСАлматы #ТоқтаАИТВkz



«Престиж» колледжінің оқушылары 15 қаңтардағы интерактивті дәрісте көптеген жаңа ақпараттар мен АИТВ -дан қорғау шараларын білді.

Дәрісті, Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина мамандары өткізді. Дәрігерлер вирустың берілу жолдары мен одан қорғану шаралары туралы түсінікті түрде айтып берді.

Кездесуде АИТВ туралы кең таралған аңыздарды жоққа шығаруға ерекше назар аударылды. Мамандардың айтуынша, вирус қол алысу, құшақтау, ыдыс-аяқты бірге пайдалану немесе тұрмыстық байланыстар арқылы таралмайды, бұл негізсіз қорқыныш пен стигматизация деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Оқушыларға жауапты мінез-құлықтың және өз денсаулығына саналы түрде қараудың маңыздылығы туралы айтылды. Дәрігерлер жеке қорғану құралдарын пайдалану және медициналық тексерулерден тұрақты өту, ЖЖЖИ берілу қаупін едәуір төмендететінін еске салды.

Дәріс барысында студенттер, АИТВ-инфекциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері туралы білді. АИТВ-мен ауыратын адамдар уақтылы анықталып, дұрыс емделген жағдайда толыққанды әрі белсенді өмір сүре алатыны аталып өтті.

Іс-шараның интерактивті форматы, оқушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан жауаптар алуға мүмкіндік берді. Мұндай диалог ақпаратты жақсы меңгеруге және сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етті.

#орталықЖИТСАлматы #алдыналуАИТВ



Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары 14 қаңтарда қалалық психикалық денсаулық орталығы және сенім пункттерімен өткен жылғы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығару бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

ЖИТС орталығының дәрігерлері қатысушыларды аудандарды қоса алғанда, қаладағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.

Халықтың негізгі топтарының өкілдерін профилактикалық іс-шаралармен қамтуды қалай арттыруға болады? Бұл сұрақтың жауабы пікір таласқа айналды, нәтижесінде дәрігерлер өз ұсыныстарын айтты.

Жандандыруды қажет ететін тағы бір маңызды бағыт - байланысқа дейінгі профилактика. Денсаулықты сақтауға бағытталған АИТВ-ны алдын алудың бұл түрі, елде қол жетімді.

Бүгінде қалада халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ны алдын алуды арттыру үшін 10 сенім пункті және 3 ДК жұмыс істейді. ИЕҚА-мен жұмыс істеуге 14 аутрич қызметкері тартылды. Олар үшін ЖИТС орталығының дәрігерлері үнемі тренингтер мен семинарлар өткізеді.

Жұмыс тиімділігін арттыру үшін медицина қызметкерлері ұсыныстар қабылдады. Олардың ішінде: ПДО стационарына түскен кезде, АИТВ - инфекциясына қамтудың кемінде 98 пайызын және ИЕҚА-дың 100 пайызын тексерумен қамтамасыз ету. Сондай-ақ клиенттерді аутрич-қызметкерлер арқылы достық кабинеттерге және ЖЖБИ-ге тексеру және консультациялар үшін тар мамандарға жіберу бойынша жұмысты жалғастыру. Бұл қызмет өткен жылы оң нәтиже көрсетті. Наркологиялық қызметтің медицина қызметкерлеріне мотивациялық кеңес беруді жақсарту үшін ағымдағы жылы оқыту ұйымдастырылатын болады.

#орталықЖИТСАлматы



Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің студенттері 20 қаңтарда АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша интерактивті дәріске қатысты. Іс-шараны Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты жастардың, АИТВ проблемасы туралы хабардар болу деңгейін арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болды.

Дәріс барысында мамандар АИТВ деген не, оның қалай берілетіні және осы аурудың айналасында қандай мифтер жиі кездесетіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жұқтыру жолдары мен жұқтыру қаупі жоқ жағдайларға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, студенттерге АИТВ – дан қорғанудың негізгі шаралары мен алдын-алудың тиімді әдістері түсіндірілді. Медицина мамандары тұрақты медициналық тексерудің, қауіпсіз мінез-құлықтың және ақпараттандырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның интерактивті форматы қатысушыларға сұрақтар қоюға және мамандардан толық жауаптар алуға мүмкіндік берді. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, кездесуді танымды және пайдалы етті.

#алдыналуАИТВ #орталықЖИТСАлматы



Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында, колледж педагогтары үшін АИТВ-ның алдын алу бойынша тренинг өтті.

Медицина қызметкерлері қатысушыларға АИТВ-ның жұғу жолдары мен қорғану шаралары туралы айтып, қаладағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Іс-шара барысында мамандар, АИТВ-инфекциясын ерте диагностикалау және тұрақты тестілеудің маңыздылығы мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Қатысушыларға Қазақстан Республикасында қолданылатын профилактика мен емдеудің заманауи әдістері түсіндірілді.

Тренингте жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырудағы педагогтардың рөліне ерекше назар аударылды. Студенттермен профилактикалық жұмыстың тиімді нысандары және тақырып бойынша ақпаратты дұрыс жеткізу тәсілдері талқыланды Тренинг интерактивті форматта өтті: қатысушылар сұрақтар қойды, практикалық жағдайларды талдады және талқылауға қатысты. Бұл мұғалімдерге мәселені тереңірек түсінуге және кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

#орталықЖИТСАлматы #палдыеалуАИТВ



Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласының ЖИТС орталығында балаларға арналған мерекелік ертеңгілік өтті.

Іс-шараны "РесСоциум" қоғамдық қоры , ЖИТС орталығы және "Реванш"қоғамдық қорымен серіктестікте ұйымдастырды.

Балаларды әдемі шырша, әрине, Аяз Ата Ақшақармен қарсы алды. Аниматорлардың еңбегі зор болдыі - олар балаларға да, олардың ата-аналарына да мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балалар қуана өлең оқып, ән айтып, би биледі.

Ертеңгілікке 50-ден астам бала жиналды және олардың әрқайсысы жаңа жылдық сыйлық алды. Жүрегі кең мейірімді жандардың арқасында балаларға пицца, тәттілер мен сусындар ұсынылды.

Мереке балаларға сыйлықтар ғана емес, сонымен қатар шынайы эмоциялар, қарым-қатынас қуанышы және нағыз жаңа жылдық ғажайып сезімін сыйлады. Бұл күні әр бала ересектердің назарын және қамқорлығын сезінді.

Ата-аналар іс-шараның жылы атмосферасын атап өтті, сондай-ақ, ұйымдастырушыларға Жаңа жыл қарсаңында балаларға қуаныш пен жағымды әсер сыйлау мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

#орталықЖИТСАлмата

Посмотреть на карте Алматы